Мұхтар Әуезов университетіне – 70 жыл!

Мұхтар Әуезов университеті 70 жылдық тойын тойлады

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің құрылғанына 70 жыл толды. Атаулы мерекеге орай құрметті қонақтар мен Зейнолла Молдахметов, Молдабек Шаяхметов, Уәлихан Бишімбаев сынды бір кездері оқу орнын басқарған тұлғала «Ректорлар аллеясын» ашты. Одан соң университетте еңбек еткен құрметті азаматтар өздерінің есімдері берілген шыршаларды суғарып, оқу орнын басқарған жылдарды еске алды. 70 жылдық тарихында іргелі білім ордасын 12 ректор басқарыпты. Университеттің қазіргі ректоры Жұмахан Мірхалықов 13-ші ректор болып табылады.

Мұхтар Әуезов университеті 70 жылдық тойын тойлады
Мұхтар Әуезов университетінің ұжымы 70 жылдық тойын тойлады

Молдабек Шаяхметов, ОҚМУ-дың бұрынғы ректоры: «Мен 1980 жылы ректор болып келдім. Содан 1987 жылға дейін істедім. 8 жыл бойы оқу орнының басшысы болған кезде университеттің барлық жағдайы үш есе көтеріліп, республикалық, одақтық қызыл туларды жеңіп жаттық. Сол уақыттарда оқытушылардің білімі ұшталып, 276-ы ғылым кандидаты атанды. Бірнеше құрылыс салынды. Соның барлығы ұжымның бірлігінің нәтижесі.»

Оңтүстіктегі беделді оқу орындарының бірі саналатын мемлекеттік университетті торқалы тойымен құттықтауға Астанадан білім және ғылым вице-министрі арнайы келді. Мұрат Әбенов 70 жылдық тарихында білім ордасынан бүгінгі таңда елге танымал болып үлгерген көптеген білім үздіктері тәлім алып шыққанын ерекше атап өтті. Білім және Ғылым вице-министрі оқу ордасының ардагер ұстаздарына көпшілік алдында құрмет көрсетті.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=eoE33dZnk3M[/youtube]