Миссионерлер жіті тексеріліп жатыр

Шардара қаласының әл-Фараби көшесіндегі №7 үйге күдікті азаматтар жиналып жатқаны туралы жергілікті ішкі істер бөліміне хабарлап айтуының нәтижесінде миссионерлердің жолын кесуге мұрындық болды
Шардара қаласының әл-Фараби көшесіндегі №7 үйге күдікті азаматтар жиналып жатқаны туралы жергілікті ішкі істер бөліміне хабарлап айтуының нәтижесінде миссионерлердің жолын кесуге мұрындық болды
Шардара қаласының әл-Фараби көшесіндегі №7 үйге күдікті азаматтар жиналып жатқаны туралы жергілікті ішкі істер бөліміне хабарлап айтуының нәтижесінде миссионерлердің жолын кесуге мұрындық болды

Дінбұзар миссионерлер қазағы қалың ауылдарға да жеткен. Елдің санасын улап, өздерінің мысықтілеу саясатын майдалап жеткізіп жүрген мұндай дінбұзар жандардың іс-әрекетін байқаған болсаңыз тез арада құқыққорғау органдарына хабар бергеніңіз абзал. Мысалы, Шардара қаласының тұрғыны А. деген азамат солай еткен. Осы қаладағы әл-Фараби көшесіндегі №7 үйге күдікті азаматтар жиналып жатқаны туралы жергілікті ішкі істер бөліміне хабарлап айтуының нәтижесінде миссионерлердің жолын кесуге мұрындық болды.

Үй иесі Тлегенов Марат Кабиденович әр жексенбі күні өзімен бірге «М», «К», «С», «М» және «И» есімді азаматтарды жинап «Иса пайғамбар» туралы дағуаттар мен өлеңдер айтып, уағыз жүргізіп, тіркеуден өтпей миссионерлік қызметті жүзеге асырған, – дейді Шардара ауданы прокурорының аға көмекшісі Н. Нұрланұлы.

Оқиға орнынан «Христианы, отрезвитесь» – 1 дана, «Пять потребностей супругов в браке» — 1 дана, «сущность всего» –1 дана, «о христянской жизни» – 1 дана, «детский гресс» – 1 дана, «куәліктер» — 1 дана, «Ақбата қауымы» – 1 дана, жалпы 7 дана CD-R дисктері, «мультфилмы» және «духом святым» 2 дана видео кассеталары, «інжу шариф», «киелі кітап» 2 дана кітаптар мен өлең сөздері жазылған 48 парақтағы — 1 дана дәптер айғақ зат ретінде алынған.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 375 бабының 3 бөлігінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тіркеусіз (қайта тіркеусіз) миссионерлік қызметті жүзеге асыруы, сол сияқты миссионерлердің дінтану сараптамасының оң қорытындысы жоқ діни әдебиетті, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды және діни мақсаттағы заттарды пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңының 1 бабы 5 тармағында миссионерлік қызмет – ел азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, елімізде тіркелген діни бірлестіктердің атынан Қазақстан Республикасының аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызмет. Заңның 8 бабы 1 бөлігінде Қазақстан Республикасы азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар миссионерлік қызметті тіркеуден өткеннен кейін жүзеге асырады. Шардара аудандық жергілікті атқарушы органының мәліметіне сәйкес, М.Тлегенов миссионерлік қызметті жүзеге асыру үшін тіркелмегені белгілі болды. Сондықтан, жинақталған құжаттар мен түсініктер бойынша М.Тлегеновтың іс-әрекетінде тіркеусіз миссионерлік қызметті жүзеге асыру белгілері болғандықтан, аудан прокуратурасымен оның үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 375 бабының 3 бөлігімен әкімшілік құқықбұзушылық іс өндірісі қозғалып, негізін қарау үшін сотқа жолданған болатын.

Шардара аудандық сотының қаулысымен М.Тлегенов ҚР ӘҚБтК-нің 375 бабының 3 бөлігімен айыпты деп танылып, оған қатысты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 173100 теңге айыппұл салынды.