Шымкентте көлік жөндеушіге қастандық жасалды (видео)

192

Шымкентте шаңқай түсте адам ұрланды! «Самал-3» шағынауданында көлік жөндеумен айналысатын жас жігітке қастандық жасағандар оны ұрлап кетпек болған. Дегенмен, ойлары жүзеге аспай қалды. Ал қарақшыларыдң қақпанынан құтылған жігіт өзін ұрламақ болғандарды танымаймын деп отыр.

Бірнеше жігіт аулаға басып кіргенде үйдегілер кешкі астарын ішіп отырса керек. Дастарханды да жинап үлгермеген. Шабуыл жасағандар үй иесін ұрып-соғып, ауланың астаң-кестеңін шығарады. Тіпті, көлік жөндеушінің келіншегіне де қол жұмсапты. Ол тергеу барысында өзін ұрған күдіктіні жазбай таныды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=c9gIZCo7buY[/youtube]

Қарақшылар жәбірленушіні көліктеріне салып әкеткен. Дегенмен, алысқа ұзай алған жоқ. Дабыл бойынша қуа жөнелген полиция қызметкерлері күдіктілерді «Қайтпас» шағынауданынан ұстап алады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=IvIs1pD9L-4[/youtube]

Қазіргі таңда жәбірленуші ауруханада ем алып жатыр. Дәрігерлер басынан оқ тиген науқастың жағдайы қанағаттанарлық дейді. Ал жәбірленуші өзіне шабуыл жасағандарды танымаймын деп отыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=qCAwOkuMYPg[/youtube]

Қазіргі таңда осы күрделі істі тексеру амалжары жалғасуда. Адам ұрламақ болған жігіттің сыбайласына іздеу жарияланған.