Жоғалып, табылған бала

313
Іздеу жарияланған бала

Шымкентте тағы бір мектеп оқушысы із-түссіз жоғалып кетті. Қаламыздағы №5 Молда Мұса мектебінің 3-сыныбында оқитын 10 жасар бала үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Екі күннен бері үй бетін көрмеген баланы мектеп ұстаздары да, Абай полиция бөлімінің қызметкерлері де іздеді.

Іздеу жарияланған бала
Іздеу жарияланған бала

Соңғы рет 19-желтоқсан күні сабаққа барған Андрей Ткаченко ауырып отырғандықтан, ұстаздары медбикенің нұсқауымен үйіне қайтарған. Баласының емделіп жатқанынан хабар беріп тұрған анасы дүйсенбі күні оның іс-түссіз жоғалып кеткенін сынып жетекшісіне жеткізеді. Мектеп ұжымы шәкіртін табанынан тозып екі күн іздепті.

Татьяна Федотова, №5 мектеп директорының орынбасары: «Андрей – өте жақсы бала. Сабаққа деген ынтасы жоғары. Оның жоғалып кеткені бәрімізге ауыр тиіп тұр. Анасынан суыт хабарды ести сала, ішкі істер бөліміне хабар бердік. Іздеп жатырмыз.»

Андрей анасымен қайта қауышты
Андрей анасымен қайта қауышты

Екі күн бойы іздеген баланы бүгін Абай полиция бөлімінің шұғыл іздестіру тобы тапты. Криминалдық полиция бөлімшесі бастығының орынбасары Бауыржан Қуатбековтың айтуынша, бала Шымкенттегі Әлия Молдағұлова көшесінің бойындағы ойынхана маңында жүрген екен. 

Екі күн бойы анасы мен мектеп мұғалімдерін әбігерге салған Андрей үйінен не үшін кеткенін айтқысы келмеді. Тек досының үйінде түнегенін ғана айтты. Андрейдің анасы Людмила бұған дейін мұндай оқиғанының бірнеше рет қайталанғанын жасырмайды. Енді ұлын интернатқа өткізуге немесе Қызылордадағы әпкесінің үйіне жіберуге бел буып отыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=MDAuYs5qN1o[/youtube]