Көлік жүргізушілерін сан соқтырып кеткен азаматқа іздеу жарияланды

131

Шымкентте талай көлік жүргізушісін сан соқтырып кеткен азамат 8 жылға сотталуы мүмкін. Осылай деген қаланың тергеу басқармасының бастығы күдіктінің әлі күнге дейін ұсталмағанын айтады. Жауаптылар сөзінше, қазір оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, іздеу салынған.

Дәулет Абдіраманов, Шымкент қаласы ПД тергеу басқармасы бастығы: «Бұл бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір үстінен арыз жазылған азаматқа іздеу жарияланды. Егер ұсталса, 8 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін».

Еске сала кетейік, өткен аптада бір топ шымкенттік көлік жөндеушіге алданып қалғанын айтқан еді. Олар темір тұлпарын қайта қалпына келтіру үшін кемі 200 мың теңгеден бастап, 1 млн. теңгеге дейін тапсырған.

Бірақ, соңында не көлік жөнделмей, не ақша табылмай тұрғындар полиция департаментінде шу шығарған болатын. Қазір бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Назерке Үкібасова