Жерлесіміз Нұрсұлтан Мыңғышов Қазақ күресінен чемпион атанды

492
Өлкеміздің намысын қорғап жүрген палуанда

Еліміздің Оңтүстігінде қазақша күрес қарқынды дамып келеді. Палуандарды жатықтыруда қаладағы №3 олимпиада резервін дайындайтын мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің орны бір төбе. Мұнда өлкеміздің атын шығарып жүрген обсалюттік салмақтағы, білекті палуандардың бірі, 22 жастағы Нұрсұлтан Мыңғышов жаттығады. Бәйдібек ауданының тумасы жақында Қызылорда облысында жастар арасында өткен Қазақстан чемпионатында топты жарды. Алдағы уақытта бұдан да үлкен додаларда жеңіс тұғырын бағындырсам дейді палуан. Әсіресе, «Қазақстан барысы» турниріне қатысқысы келеді.

Өлкеміздің намысын қорғап жүрген палуанда
Өлкеміздің намысын қорғап жүрген палуанда

Cпорттық шеберлікті жетілдіру тобының ең жас палуаны – 17 жасар Ерназар Сіргебай. 90 келі салмақта облыс намысын қорғап жүрген палуан боз кілемде 12 жастан шынығып келеді. Шаян ауылының тумасы биыл студент атаныпты. Ерназар жаста болса облыстық бірнеше додаларда және Дінмұхамед Қонаев атындағы республикалық «Жас барыс» турнирінде жауырыны жер иіскемей, чемпион атанды.

Төрт жыл бойы талау палуанды жаттықтырып келе жатқан спорт мектебінде жастар қазіргі таңда жас ерекшелігі мен шеберлігіне қарай арнайы 4 топқа бөлініп шынығады. Жалпы саны 100-ге жуық палуанды аға жатықтырушы Белай Рахымбаев тәрбиелеп келеді.

 Белай Рахымбаев, Қазақстанның спорт шебері, «Тұмар» спорт кешенінің аға жатықтырушысы: «Мен тәрбиелеген шәкірттерім қазір облысымыздың түкпір-түкпірінде жас балуандарды дайындап жүр. Ал қазір бұл кешенде «Самал», «Достық» және «Қайтпас» шағынаудандарынан келген жергілікті жасөспірімдер жаттығады.»

4 жылдың ішінде еліміздің 6 чемпионын түлетіп ұштырған спорт кешені әлі де талай білекті Қазақ палуанын тәрбиелері сөзсіз.