Үйіңізге жылан кіріп кетсе, хабарласыңыз…

369

Шымкентте 13-55 жаңа құтқару қызметі жұмысын бастады. Төтеншеліктер ай сайынғы символикалық төлем төлеген тұрғындарға түрлі жағдайларда тіпті экстремалдық оқиғаларда да қол ұшын бере алады. Шілде айының басынан бастап бұл қызметке 2 мыңнан аса тұрғын жүгінген.

13-55 Құтқару қызметінің дипетчер пультіне таңертеңнен бастап қоңыраулар түсе бастады. Мамандар құлыпталынып қалған есіктерді ашу, мұржалар мен кәріз жүйлерін тазалау, баспаналарға кіріп кеткен жыландарды ұстау сияқты тұрмыстық түйіткілдерді оңай еңсереді. Қызметтер аясы кең. Шымкенттіктер қазір жаңадан қосылған құтқару қызметіне жиі хабарласуда.

Андрей Фридовский, 13-55 құтқару қызметінің басшысы: «Бүгінге дейін біз 20 шақыруды қамтыдық. Баспаналарға кіріп кеткен төрт жыланды ұстап, пәтерлердің есіктерін ашып тіпті, жануарларды да құтқардық».

Ирина Аксёнова бұл қызмет түрін көптен күткенін айтады. Ол бірнеше апта бойы өз көлікжайына кіре алмай жүрген. Есігі жабылып қалып, кілті ішінде қалып қойған. Оңайлықпен ашылмайтын құлыпты ашуға жергілікті мамандар да көмектесе алмапты.

Ирина Аксёнова, қала тұрғыны: «Үш ай бұрын көлікжайдың есігі жабылып қалған. Мен интернет арқылы мамандарды іздестірдім. Қызметтерін 8-10 мың теңгеге бағалады. Біреуін шақырдым. Бірақ ол маған көмектесе алмады. «Рабат» газетінен жаңа қызмет туралы оқып, білдім. Мамандар келіп, 5 минуттың ішінде құлыпты ашып берді».

Барлық қызметтер үшін төленетін әр ай сайынғы абоненттік төлем небәрі 80 теңге. 13-55 нөміріне тәулік бойына хабарласуға болады. Кез-келген мобильдік оператордан қоңырау тегін.