Баланың еңбекке ерте араласуы – ата-анаға сын

бала еңбегі

Облысымызда  балалардың еңбекке ерте араласу пайызы жыл сайын төмендеп келеді. Бұл сөзді балалардың құқығын қорғау басқармасының басшысы Ғалия Жүсіпова айтып өтті. Мұндай олқылық  әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар көптеп шоғырланған Мақтарал ауданында  көп кездеседі.

Былтыр ауданда мақта терімінде жүрген 132 бала анықталған болса, биыл 11 бала тіркелген. Көрсеткіштің төмендеуіне «Сана- Сезім» үкіметтік емес ұйымының да үлесі бар.

 

Ерте жастағы балалардың еңбекке тартылу жайында мамандармен дөңгелек үстел өтті
Дөңгелек үстел барысы

Жеткіншектердің тағдырын талқыға салатын мамандар дәстүрлі түрде дөңгелек үстелдер өткізіп келеді. Мысалы 2008 жылы Мақтаралда тұратын 150 баланың ата-анасына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  60-тан аса әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға азық-түлік таратылды. Тағы 130 бала мектепке қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етілді. Осылайша, буыны бекімей жатып еңбекке ерте араласқан жеткіншектердің тағдыры қашанда күн тәртібінен түспек емес.

Ғалия Жүсіпова, ОҚО  Балалардың құқығын қорғау басқармасының басшысы:  » Мақсатымыз қол жеткізген нәтижемен тоқтап қалу емес, ата-анамен де жұмысты жандандыру керекпіз. Баланың бір күндік тапқан табысына көңіліңіз тола ма? Осы сияқты сауалды қоя отырып, психологиялық түрде түсіндіру керек. Ойын баласы қызық көрмей, жұмысқа араласып жатса, ертең ол баланың денсаулығы қандай болмақ. Алайда осы сөзді түсінетін ата-ана бар,түсінбейтіндері тағы бар».