Екі апатты мектептің жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінбеген

522
Бұл мектепте оқушылар үш ауысымда оқиды

Шымкентте апатты деп танылған екі бірдей мектептің жөндеу жұмыстарына әлі күнге дейін қаржы бөлінбеген.  Салдарынан оқушылар жылға жуық уақыт қысылып, қымтырылып білім алуда. Тығырықтан шығудың жолын іздеген ұстаздар тіпті акт залы мен спорт залдарында дәріс беруге көшіпті. Сыймағандарын басқа мектептерге бөліп тастаған. 

snapshot20131120185117

оқушылар сыныптарға зар болып қалған
оқушылар сыныптарға зар болып қалған

№36 шы мектептің оқушыларына қазір доп теуіп, дене шынықтыру сабағын өту арман. Өйткені, білім мекемесінің спорт залы жоқ. Ал асхананың жоқтығынан шәкірттер дәлізде тамақтанады. Кітапхана болса жартылай сынып бөлмесіне айналған. Бәрінен де жарты ғасыр бұрын салынған мектептің бір ғимаратының қабырғалары жарылып, бұзылуға шақ тұрғаны қиын болып тұр. Тіпті, жыл басында сот орындаушылары ол ғимаратта бала білім алуға қауіпті деп жауып тастаған.

Айнеш Ниязова, №36 мектептің директоры: » Сараптама жүргізген комиссия ғимаратты апатты деп таныды. Өйткені оның іргетасы жоқ болып шықты. Жер сілкінісіне төтеп бере алмайды деген қортынды жасады. Егер оны жаппаса келеңсіз жағдай орын алуы мүмкін деп».

Бұл мектепте оқушылар үш ауысымда оқиды
Бұл мектепте оқушылар үш ауысымда оқиды

Ал №12 мектепте жағдай мұнан да қиын. Сыныптарының басым бөлігі апатты деп жабық тұр. Салдарынан оқушылар қазір спорт және мәжіліс залдарында да оқуға мәжбүр. Ал пән кабинеттері деген мұнда атымен жоқ. Компьютерлер мен интерактивты тақталар би бөлмесіне қойылған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=vtCr7g6-l9E[/youtube]

Нышан Байғұтов, облыстық білім басқарамасы бастығының орынбасары: » Қайта құру жұмыстарын апаттық мектеп болуына байланысты  2014 жылдың бюджетіне біз ұсыныс бердік. Қазіргі кезде бұл ұсыныстың барлығы облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларында қолдау тапты. Енді осыны бекітетін сессияға ұсыныс береміз».

Екі мектептің ұстаздары мен оқушыларына қаражаттың бөлінуін күтуден басқа амал болмай тұр. Айта өтейік, қазір өңірде бас-аяғы 48 мектеп апатты деп танылса, 60 ғимарат саманнан салынған екен. Ал 37 білім ұясында балалар үш аусыммен оқиды.