Ескі көліктер ауаны улайды

Еліміздегі көліктердің басым бөлігі еуро стандартқа сай емес
Еліміздегі көліктердің басым бөлігі еуро стандартқа сай емес

 Биылдан бастап елімізде Евро-3 экологиялық стандарты енгізілді. Содан бері ел аумағына ескі көліктерді кіргізуге шек қойылды. Өйткені, ескі көліктер экологиялық талаптарға сай келмейді. Мәселен, бір ғана Оңтүстікте 400 мыңнан аса көлік бар. Мамандардың есебінше, көнерген көліктер жылына шамамен 8 тоннадай улы затты ауаға шығарады екен.

Еліміздегі көліктердің басым бөлігі еуро стандартқа сай емес
Еліміздегі көліктердің басым бөлігі Евро-стандартқа сай емес

 Светлана Фадеева, мемлекеттік инспектор: » Республика аумағында жүрген ескі көліктерге ешкім шек қоя алмайды, олар тек елімізде ғана саудаланатын болады. Бірақ, экалогияны ластамас үшін мұндай көлік иелері қозғалыс құралының ақаусыз жүруін үздіксіз бақылауда ұстауына тура келеді».

 Бірақ, бұл стандартты енгізу үшін бензиннің да сапасы сай болу керек. Өйткені жанар-жағармай сапасын ретке келтірмей, жаңа көліктің де экологияға кері әсері ескісінен кем түспейін деп тұр. Халықаралық бензин сапасын бақылау орталығының мәліметінше, жанармайы сарапталған 100 елдің ішінде Қазақстан 90-шы орында тұр.