«Кселл» компаниясы базалық стансалар аумағында өлшемдер жасады

301
Замеры показали никаких отклонении от нормы

Жоғары технологиялар дамыған заманда өмірді ұялы байланыссыз елестету қиын. Соңғы кезде байланысты қамтитын базалық стансалар адамның денсаулығына қауіпті деген мәлімдемелер көп айтылып жүр. Осы қате пікірді сейілту үшін «КСЕЛЛ» АҚ «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптау және мониторинг жүргізу ғылыми -тәжірибелік орталығының» мамандарымен бірге БАҚ өкілдерінің қатысуымен тұрғын секторда өлшемдер жасады.

Алғшқы өлшем қаланың орталығындағы «КСЕЛЛ» компаниясының орнатылған базалық стансасының аумағында жасалды. Жүргізілген өлшеу нәтижелері антенналардан таралған электр-магнитті сәуле белгіленген санитарлық нормалардан аспайтынын көрсетті. Отандық талап бойынша – бір шаршы сантиметрге 10 микроватты құрайды. Арнайы құрылғымен екінші өлшем қала іргесіндегі жеке тұрғын үйдің ауласында орнатылған стансада жасалды.

 

Замеры  показали никаких отклонении от нормы
Өлшемдер  нормадан ауытқулардың жоқтығын көрсетті

Рауан Нұртаев, «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптау және мониторинг жүргізу ғылыми-тәжірибелік орталығы » РМҚК-ның өкілі: «Біз қазір сіздермен 20-25 метр қашықтықта орналасқан  ұялы  байланысты қамтитын базалық станса аумағында өлшемдер жасаудамыз. Құрылғыда  0,57 микроВатты көрсетуде. Ол   белгіленген нормадан бірнеше рет төмен».

«КСЕЛЛ» компаниясы орнатқан базалық стансалар талаптарға сай жұмыс атқаруда. Барлық жабдықтардың сәйкестік сертификаттары бар. Базалық стансалар санитарлық эпидемилогиялық қорытындысыз іске қосылмайды деп түсіндірген компания өкілдері телекомуникациялық жабдықтарды орнатуда халықтың қауіпсіздігі ескеріледі,- дейді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=j1ttQJNX1q4[/youtube]

 Бақытжан Мұхаммедияұлы, «КСЕЛЛ» АҚ-ның ішкі коммуникациялар жөніндегі аға маманы: «» Кселл» компаниясы базалық стансалардың жұмысын үнемі қадағалайды. Өздеріңіз де куә болдыңыздар. Жаңа ғана өлшемдер жүргізілді.   Көрсеткіштер Қазақстанда белгіленген электр-магнит сәулену нормасы 10 мкВт-см 2 едуәр төмен. Кселл компаниясы  Қазақстандағы  заңнамаға сәйкес жұмыс жасайды».

Базалық стансаларда түзілетін электр-магнитті өріс иондаушы сәулену түріне жатпайтынын, Көпқабатты тұрғын үйлердің төбесінде және де шалғай ауылдарда барлық талаптарға сәйкес орнатылған базалық стансалардың адамдардың денсаулығына әсері жоқтығын мамандар түсіндірді.