Медициналық бекеттер көбейді

Маяқұм ауылы

Жаңа Шілік ауылының жаңа балабақшадан басқа, енді сужаңа медициналық бекеті де бар.

Ауылдағы ескі бекетте қажетті құрылғылар мен қызмет түрлерінің жоқтығынан жергілікті жұрт аудан орталығына сабылатын.

Маяқұм ауылы
Маяқұм ауылы

 

Енді ол қиындықтың бәрі артта қалатын болды деп ауылдағы ағайын қуанып жүр. Мұнан бөлек, аудандағы Ақкөл ауылынан ашылған фельдшерлік акушерлік бекет те бұрынғы қиындықты келмеске кетіргендей.

Қос бекет те облыстық бюджет есебінен қаржыландырылған. Мекемеге бұрын болмаған акушерлік қызмет түрлері мен балалар ауруының алдын алуға арналған аппараттар сатып әкелінген.

Басы аурып, балтыры сыздай қалған отырарлықтар енді еш қиындықсыз алғашқы медициналық көмекті ала-алатынына дән разы.

[youtube]http://youtu.be/dAk1PN-dxtM[/youtube]