Оңтүстіктің жүлде қоржыны алтын медальмен толықты (фоторепортаж)

379
Нұрсұлтан Қалмұрзаев алтын медальді жеңіп алу үшін бес жекпе-жек өткізді

«Голден Гран при -2013». Әзірбайжанда өткен халықаралық турнир осылай деп аталды. Бас жүлде үшін 32 елден 150 палуан таласқа түскен. Олардың арасында шымкенттен жол тартқан спортшылар да болды. Нәтижесінде жерлесіміз 55 келілер арасында Нұрсұлтан Қалмұрзаев алтыннан алқа тақты.

Нұрсұлтан Қалмұрзаев алтын медальді жеңіп алу үшін бес жекпе-жек өткізді
Нұрсұлтан Қалмұрзаев алтын медальді жеңіп алу үшін бес жекпе-жек өткізді

 

«Оның қарсыластары мықты палуандар болды. Жеңе алады ма екен деген күмән болғаны да рас. Алайда, үмітімізді ақтай білді» – деп Нұрсұлтанның бапкері Хакимбек Мұсаев ағынан жарылады.

Нұрсұлтанның жеңісі биылғы маусымды сәтті қорытындылады
Нұрсұлтанның жеңісі биылғы маусымды сәтті қорытындылады

Нұрсұлтан осыған дейін де халықаралық жарыстарда ептілігін сынға салған болатын. Тек алтын медаль жеңе алмаған. Сол себепті де бұл жетістікті спорт мектебі арнайы атап өтуде. Бұл жолы жерлесіміз бес жекпе-жек өткізіп, оның барлығында да қарсыласынан басым болды.

Халықаралық жарыстың бұл дипломы облыс мақтанышы
Халықаралық жарыстың бұл дипломы облыс мақтанышы

Нұрсұлтан үшін бұл соңғы белес еместігіне бапкерлер сенімді. Желтоқсан айында жерлесіміз Ел басының кубогін сарапқа салатын турнирде сынға түсетін болады. Мақсат – Кубокті жеңіп алы.

 

Нұрсұлтанның жеңісі оны жылдар бойы тәрбиелеген бапкердің арқасы.
Нұрсұлтанның жеңісі оны жылдар бойы тәрбиелеген бапкердің арқасы.
ОҚО жекпе-жек түрлері мектебі де чемпионға өз алғысын білдіруде
ОҚО жекпе-жек түрлері мектебі де чемпионға өз алғысын білдіруде
"Ендігі жоспар - Олимпиада!"- ОҚО жекпе-жек мектебінің директоры М.Ставицкий
«Ендігі жоспар – Олимпиада!»- ОҚО жекпе-жек мектебінің директоры М.Ставицкий