«Парасат» колледжі дуальды оқыту жүйесіне көшті

456
Семинарға жиналғандар колледждің оқу-әдістемесімен жіті танысты

«Парасат» колледжі заман көшінен қалыспай жаңалыққа бет бұрды. Оқу орны дуалды оқыту жүйесіне мән беріп, екі мамандық иелеріне енгізіп отыр. Бұл жүйе бәскеге қабілетті мамандарды даярлауда өзіндік үлесін қосады дейді колледж ұжымы. 

семинарға облыстың колледж оқытушылары жиналды
семинарға облыстың колледж оқытушылары жиналды

Бір емес бірден екі мамандықты  дуальды оқыту жүйесіне көшіріп отырған «Парасат» колледжінде облыстық семинар болып өтті. Мұндағы мақсат заман талабына сай мамандық иелерін дайындап қана қоймай, болашақ маманнның біліктілігін арттыруды жолға қою. Дуальды оқыту дегеніміздің өзі- кәсіптік бағдар беруді өндіріспен ұштастыру.

Манат Бегімбетова, «Парасат»колледжінің бөлім меңгерушісі: «Қазір еңбек нарығында кәсіби білікті, шыңдалған, өз ісінің мамандары жетіспейтін болса, біздің бар мақсатымыз сондай мамандарды даярлап, еңбек нарығына қосу».

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=QKK2Zr72xoM[/youtube]

Бұл жүйені облыс мұғалімдері құптайды. Тек теория жүзінде ғана берілетін білім болашақ маманды биікке жетелей бермейді. Дуальды оқытудың нәтижесінде жас маманның тек дипломы ғана емес, мол тәжірибесі де болатын көрінеді. Мектепке дейінгі даярлық және қонақ үй шаруашылығын ұйымдастыру мамандықтары бойынша «Парасат» колледжініің студенттері білім алуда. Мұны өзге де білім ордалары жалғастырса, дипломды жұмыссыздардың қатары азаяды дейді кәсіпкерлер ұлттық палатасының облыстық филиалы басшысының орынбасары.

Асқар Әбубәкіров, Кәсіпкерлер ұлттық палатасының облыстық филиалы басшысының директоры: «Бес жылдан бері айтып келеміз. Елбасының өзі де талап қойып отыр. Талаптар қойлып, талай әңгімелер айтылғанымен өзгерістер жоқ. Бірақ мына бастама бізді қуантты. Бірге жұмыс жасауға дайынбыз. Кәсіпкерлер де келісетініне сенімдіміз».

Семинарға жиналғандар колледждің оқу-әдістемесімен жіті танысты
Семинарға жиналғандар колледждің оқу-әдістемесімен жіті танысты

Облыстағы барлық колледж оқытушыларының басын қосқан семинар аясында, «Парасат» колледжі үлгі көрсетті. Тәжірибе аллмасып, жаңа жүйе бойынша білім алып жатқан студенттердің еңбектерімен таныстырды. Айта өтейік, дуальды оқыту жүйесіне бізден бұрын бет бұрған Германия, Нидерландия, Швейцария, Дания сынды елдер оң нәтижеге ие болып отыр.