Шәуілдірде қонақ үй ашылды

Қонақ үйЕнді Отырар ауданына бара қалсаңыз, қонбай қайтпайсыз. Өйткені, Шәуілдірдің меймандос азаматтары құрметті қонақтар үшін қонақ үй ашып қойды.

Кеңес кезінде бұл мекен қонақ үй болғанымен, кейіннен салық басқармасы сынды өзге де қызмет көрсету орталығы болып жұмыс істеген-ді. Енді қайта күрделі жөндеуден өткен тоғыз нөмірлі мейманханада ыстық су, газ, жылу сынды коммуналдық қажеттіліктің бәрі бар.

Талғампаз қонақтар үшін  люкс бөлмелер жасалып қойылған.

Алайда, қонақ бөлмелерінің бағасын жетекшілік әлі бекітпепті. Оны монополияға қарсы агенттіктің өкілдері қойып береді деп отыр. Бірақ бұл қонақүйде түнеу қымбат деген сөз емес дейді.

Осыған дейін қонақ келсе, Арыстанбабтағы қонақүйден басқа ешқайда түней алмаған меймандар енді Шәуілдірде де аялдайтын болды деп қуанады мұндағылар.

Күрделі жөндеу облыстық бюджеттен бөлінген 45 миллион теңгеге жүргізілген.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=i5rpPUoF8DI[/youtube]