Шымкент зообағы тағы да жануарлармен толықты. Қыс ауасы жақындағанда хайуанаттар бағына Қарағанды қаласынан жойылып кету қаупі бар аң-құстар әкелінді. Олар еліміздің Қызыл кітабына енгізілген.
Шымкент зообағына әкелінген 6 айлық кенгуру жақсы жүгіреді екен. Қалталылар тобына жататын аң небәрі 18 жыл өмір сүреді. Ал бұл кенгуру біздің хайуанаттар бағында әзірге жалғыз.
Елена Зятишкина, қала тұрғыны: «Зообаққа жаңа аңдар жеткізіліпті. Өте қуаныштымыз, кішкентай бала тұрмақ, өзіміз де қызығып келіп көріп жатырмыз. Мұндай тамаша жануарларды осылай көзбен көргенге не жетсін?!»
Кішкентай кенгурудан бөлек, зообақ көгілдір күйіскі қара мал, аласа құлан, қодас және ақбас тырнамен толығып отыр. Бұл жануарлар да біздегі Пржевальский жылқыларына айырбасталынып, Қарағандыдан әкеліпті. Бұл жойылып кету қаупі бар, Қызыл кітапқа енген аң-құстарды көбейтудың жолы.
[youtube]http://youtu.be/97vOleMVQpw[/youtube]
Сейдулла Жұбаев, Шымкент зообағының директоры: «Тағы бір қуанышты хабар — Шымкент зообағында алдыңғы жылы Алматы зообағынан алынған көгілдір күйіскі қара мал өзінің алғашқы ұрпағын дүниеге алып келді. Кешегі күннен бері есептегенде 1 апта болды. Қазір төлі жүгіріп жүр. Ауа райы да қарасып, жайма шуақ болып тұр. Және кешегі күннен бері барлық көрермендерге көрсетуге шығарып отырмыз.»
Зообақ қызметкерлерінің айтуынша, осы хабарларды естіген соң, зообаққа келуші жерлестеріміздің қатары қалыңдапты.