Шымкенттің спортшылары Варшавадан жүлдемен оралды

718
2013 жыл қол күрес шеберлері үшін сәтті болды, фото Т. Джумабековтікі

Спорттың армрестлинг түрінен Әлем чемпионаты биыл Варшавада өтті. 58 елден жиналған додаға оңтүстік қазақстаннан да қол күрес шеберлері жол тартқан болатын. Жерлестеріміз іріктеуден сүрінбей өтіп, шешуші сынаққа да еш бір қиындықсыз жолдама алды. Нәтижесінде Шынболат Райханов алтын медаль үшін таласта ресейлік спортшымен кездесіп, қоржынға бас жүлдені салды.

2013 жыл қол күрес шеберлері үшін сәтті болды, фото Т. Джумабековтікі
2013 жыл қол күрес шеберлері үшін сәтті болды, фото Т. Джумабековтікі

Варшавада өткен Әлемдік дода барысында Шымкенттің 5 саңлағы топты жара білді. Ержан Әбілда мен Шынболат Райханов алтыннан алқа тақса, Мағжан Шамиев екінші, ал Қайырхан Оңғарбаев үшінші орыннан көрінді. Жаналы Хасанов та қола медальды облысымыздың жүлде қоржынына салды.

Шынболат Райханов және Ержан Әбілда Әлем чемпионы атанды, фото Т: Джумабековтікі
Шынболат Райханов және Ержан Әбілда Әлем чемпионы атанды, фото Т: Джумабековтікі

Бұл турнир биылғы маусымды қорытындылады. 2013 жыл қол күрес шеберлері үшін жемісті болды. Осыдан бір ай алдын Польшада Талғат Рүстембек Әлем чемпионы атанған болатын. Ал, Медет Құттымұратов болса 90 келілер арасында үшінші орыннан көрінді. Ендігі мақсат келісі жылы да жеңіс тұғырынан көріну.

Шынболат енді келесі маусымға дайындығын бастайды, фото Т. Джумабековтікі
Шынболат енді келесі маусымға дайындығын бастайды, фото Т. Джумабековтікі