«Түркістан» шағынауданының тұрғындары тұрмыстық техникаларынан айырылды

249
Әл-Фараби ауданы әкімдігіне шығын көлемін есептеп, хат жазып жатыр

«Түркістан» шағынауданының жұртшылығы бір сәтте үйдегі барлық тұрмыстық техникасынан айрылып қалды. Электр қуатының күрт көбейіп кетуінен елді мекендегі 4 бірдей көше тұрғындары үйдегі электр жабдықтарын көшеге лақтырып тасауға мәжбүр. Ал оның шығынын өтеп беретін мекеме әзірге анықталмай отыр. 

"Түркістан" шағынауданының тұрғындары бар тұрмыстық техникамызхдан айырылдық деп отыр
«Түркістан» шағынауданының тұрғындары бар тұрмыстық техникамыздан айырылдық деп отыр

Хамит атай маңдай терін төгіп, сатып алған дүниелерін кімнен өндіріп аларын білмей дал. Күтпеген жерден электр қуатының күрт артып кетуінен үйдегі бар техикасы күйіп кеткен. 

Хамит Қалимулин, «Түркістан» шағынауданының тұрғыны: «Бір күнде, бір мезетте менің 2 теледидар, 1 тозаңытқыш, 1 компьютер, 2 DVD — бәрі күйіп кетті. Қайдан мен оны аламын? Білмеймін, менен кеткені бір жарты миллиондай теңге! Енді оны қайдан, кімнен аламын».

Тоқтың кенеттен көбеюінен «Түркістан» шағынауданындағы 70-ке жуық отбасының үйіндегі бүкіл тұрмыстық техникасы жарамсыз күйге түсіпті. Тұрғындардың айтуынша, сол күні электр қуаты 380 вольтқа дейін жеткен.

 

Әл-Фараби ауданы әкімдігіне шығын көлемін есептеп, хат жазып жатыр
Тұрғындар Әл-Фараби ауданы әкімдігіне шығын көлемін есептеп, хат жазып жатыр

Қалдыкүл Бекжанова, «Түркістан» шағынауданының тұрғыны: «Телефонмен сөйлесіп отырсам, менің DVD-імнен түтін шығып жатыр, жануға сәл-ақ қалыпты. Мен далаға жүгіріп шықтым, қайтып кірдім, қайтып кірсем қайтадан түтін шығып, иісі әлемді алды. Резетканы суырдым, қорқып жүріп. Жарықтарды сөндіруге барсам, кернеудің қуаты жоғарылап кетіпті, бөлмелердің жарығын өшіріп үлгермей жатып, олар пох-пох етіп жарылып кетті».

Енді, мүлкі бүлінген тұрғындар желідегі ақауға кінәлі тұлғаларды таппай отыр. Қалалық коммуналдық қызмет өкілдері елді мекендегі электр желілерінің иесіз екенін айтады.

Жұмалы Бекмұханбетов, қалалық электр желісінің басшысы: «Ия иесіз ғой, біз айтып отырмыз ғой иесіз ол деп».

Ал қалалық әкімдіктегі жауапты мамандар өңірімізде қараусыз қалған тоқ желісі мен трансформатор жоқ деген еді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=IY69j91w-a4[/youtube]

Бақытжан Рысбаев, қалалық ТҮКШ бөлім басшысының орынбасары: «Қараусыз қалған трансформаторлар әрине жоқ. Бәрінің егесі бар».

Электр желісі қуатының күрт көтеріліп кетуі және болған оқиғаға кім жауапты екені әлі күнге белгісіз. Ал коммуналшылар жарыққа қатысты сауалдарға жауап беруден үзілді-кесілді бас тартты.

«Түркістан» шағынауданының тұрғындары қазіргі уақытта Әл-Фараби ауданы әкімдігіне шығын көлемін есептеп, дүниесін өндіріп алу үші арнайы хат жазып жатыр. Егер бұдан нәтиже болмаса, жерлестеріміз сот көмегіне жүгінбек.