Жас отбасылар баспаналы болды

жас отбасылар баспаналы болды

Шымкентте 55 отбасы баспаналы болды. «Жұмыспен қамту» және «Жол картасы — 2020 бағдарламасы бойынша балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастарға «Нұрсәт» шағынауданында орналасқан көпқабатты үйден пәтер берілді. Жастардың қуанышымен облыс әкімінің орынбасары Әли Бектаев бөлісіп, пәтер кілтін табыстады.

Солардың бірі — Айжан Әсілова. «Бауыржан» отбасылық негіздегі балалар үйінде тәрбиеленген ол бүгін көптен күткен арманының жүзеге асқанына ерекше қуанып отыр. Айтуынша, 19 жасында отау құрған, содан бері пәтер жалдап келеді.

жас отбасылар баспаналы болды

Үкіметтен әлеуметтік жағдайы төмен және ата-ананың қасқорлығынсыз қалған жастарға пәтер беріледі дегенді естігін ол баспанаға қол жеткізу үшін тиісті құжаттарды жинапты. Қазір қуанышы көкке екі-ақ елі жетпей тұрған отбасының ендігі арманы — жұмысқа орналасу.

 Айжан Әсілова: » Өз баспанам болмағандықтан, туыстарымның үйін паналап жүрдім. Бірінен кейін бірі екі қызым дүниеге келді. Күйеуім нан табу үшін жалдамалы жұмыстарға жегілді. Құдай қолдап, осындай екі бөлмелі пәтерге қол жеткіздік. Балапандарым өссе, ендігі көздейтінім — жұмыс істеу.»

Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, 2011-2013 жылдары Шымкент қаласында 480 отбасыға арналған 6 қабатты тұрғын үй салынған. Қазір облыста 37 мыңнан астам адам «Жұмыспен қамту» бағдарламасының көмегін көріп отыр. Баспаналы болған отбасылар енді өкіметтің жұмысына орналасып, қызмет ететін болады.