Úı ANONS Көптен күткен баспана: Шымкентте тағы 35 отбасы пәтерлі болды

Көптен күткен баспана: Шымкентте тағы 35 отбасы пәтерлі болды

Қалада 35 отбасыға пәтер кілті табысталды. Бұл баспана әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға үлестірілді. Салтанатты рәсімге қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, қоныс иелерін құттықтады.

Кезекті пәтер кілті 35 отбасыға бұйырды. Бұл жолы да баспана жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы негізінде беріліп жатыр.

Қала тұрғыны Жансая Жамбылқызы үй кезегіне 2018 жылы тұрған. 2 сәбидің анасы жақын арада баспаналы болатынын күтпеген көрінеді. Тіпті пәтер алдыңыз деп хабарлама келгенде алаяқтардың тағы бір айласы шығар деп ойлапты. Бірақ осындай қуаныш балаларымның несібесі шығар дейді ол.

ЖАНСАЯ ЖАМБЫЛҚЫЗЫ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Ақпан айында смс келді. Басында енді алаяқ шығар деп сенген жоқпын негізі.  Келісімге қол қою керек деді. Содан кейін көшіп баруға болады деді. Алла берген 2 періштем бар. Солардың несібесіне бұйыртып тұр.  — қашан көшіп барасыздар? — мүмкін бүгін кірерміз. Қатты күткен үйіміз ғой».

Үйлі болып, қуанышы еселенген жанның бірі Айткүл Қалтаева. Ол осыдан 11 жыл бұрын арнайы санат бойынша үй кезегіне тұрған. Биыл үйлі болатынымды іштей сезіп жүрдім дейді 3 баланың анасы.

АЙТКҮЛ ҚАЛТАЕВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Өзімнің ішкі түйсігім бойынша осы келіп қалады-ау деп жүргенмін. Аллаға шүкір. Рақмет үлкен, осыдан 1 апта бұрын ба хабарласып құжаттар тапсыру керек екенін айтты. Барып тапсырдық. Ертесіне бізге смс жіберді. Асар 2- ден 2 бөлмелі пәтер алдыңыз деп. Естіген кезде қуаныш қандай болды? — енді қанша жылдан бері күтіп жүрген үй кезегіміз ғой. Әрине қуанамыз. Алып, үйді көргенше қуанышымызда шек жоқ»

Баспана әлеуметтік осал топқа енетін жандарды тұрғын үймен қамтуды мақсат еткен. Сондықтан пәтерді сатып алу құқығы да беріліп отыр.  Мамандар сөзінше 3 бөлмелі пәтер құны 25-30 млн. теңгені құрайды. Ал ол қаражатты жиғанға дейін берілген баспананы жалдап тұра беруіне болады. Ал кей санатқа енетін тұрғынға пәтер тегін беріледі.

КӨПЖАН ТӨЛЕБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.: «Бұл жерде яғни мерзім жоқ. Азаматтардың бұл жекешелендіруге меншік құқығы. Алатын болса да құқығын алмаймын  десе де  тұра береді. Жылма жыл сатып алуға жағдайы болғанда сатып алуға құқығы бар. — демек 10-15 жыл бер уақыт қоймайсыздар? — иә,  Сатып алатыннан бөлек ол жерде айтып өткендей тегін алатын азаматтар да бар. Яғни, 1,2 топ мүгедектері. Әркімнің өз санты бар».

Бұл санатқа экологиялық Арал өңірінде тұрған адамдар, Семей ядролық сынақтан, Чернобыль апаты кезінде зардап шеккен жандар мен құқық қорғау органдарында 20 жылдан астам еңбек еткен азаматтар бар. Олар үй кезегінде тұрып, мемлекет тарапынан тегін баспанаға ие бола алады.

Әсел Мәлік