Шымкентте Asia Credit Bankтің филиалы ашылды

404
банктің жаңа ғимараты

Шымкентте Азия кредит банкінің филиалы ашылды. Банкирлердің қуанышын бөлісуге шымкенттік кәсіпкерлер көптеп жиналды. Азия кредит банкі олардың басым бөлігінің аяқтан тұрып кетуіне септігін тигізген. Айтылған жылы сөздер мен құттықтаулар филиал ұжымының алдағы уақытта жақсы жұмыс істеуіне жол ашып бергендей.

банктің жаңа ғимараты
банктің жаңа ғимараты

Банктің алғашқы жұмыс күнінен -ақ тұтынушылардан тыным болмады. Кәсіпкер Дәурен Өтешовті банктің төмен пайызы қызықтырған.

Дәурен Өтешов, кәсіпкер: «Азия кредит банкі несиені төменгі пайызбен береді. Жылдық ставкасы да көңілден шығады. Әсіресе, ипотекалық кредиті менің көңілімнен шығып тұр.»

Азия кредит банкінің еліміздегі абыройы жоғары. Әсіресе, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуде алдына жан салмайды. Өзінің 20 жылдық тарихында мыңдаған қазақстандық кәсіпкерлерді аяқтандырды. Айтпақшы, 1997 жылы Азия кредит банкі елімізде алғаш рет ипотекалық кредит ұғымын енгізіп, 2005 жылы Вестерн Юнион ақша аударымы жүйесі бойынша үздіктердің қатарынан көрінді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=jOA6cOTbDFM[/youtube]

 

Банк басшысының айтуынша, олар Шымкентте ұзақ уақыт тұрақтамақ. Бұл – банкпен сенімді жұмыс жасауға болады деген сөз. Айта өтейік, Азия кредит банкінің филиалы Тәшенов және Желтоқсан көшелерінің қиылысында орналасқан.