«Болашақта» өзге ұлт өкілдері көбейетін болды

«Жылан жылында нендей жетістікке жетсек, ол бірліктің арқасы.» Таяуда өткен «Қазақстан халқы ассамблеясының» 16-сессиясына келгендер осындай ой қорытты.

Ассамблея

Ассамблея

Алаш аспанындағы татулықтың туы қаншалықты жиі желбіресе, оған мына азаматтардың үлесі мол. Тілі, діні, ділі бөлек болса да, діттегені бір отандастарға Елбасының атынан «Бірлік» алтын медалі» мен облыс әкімінің «Бауырмал» сыйлығының табысталуы – сол бірлік үшін көрсетілген ризалықтың белгісі.

Ассамблея

Ассамблея

Садир Хасанов, түрік мәдени орталығы төрағасының орынбасары: «Көңіл-күйіміз мұндай сыйсыз да өте жақсы. Өйткені, біздің елде барлығы тең құқылы. Балаларым аман. Жұмысы жүріп жатыр. Бізге одан артық не керек?!»

Жиынның құрметті қонағы болған ассамблея төрағасының орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, өтіп бара жатқан жыл бірлігі мен тірлігі жарасқан өңіріміздегі ұлт пен ұлысқа берекелі болды. Былтырғы жоспарланған шағын және орта бизнес өз дәрежесінде дамып, жүрегі басқа болса да тілегі бір отандастарымыздың оң жамбасынан келіпті.

Ассамблея

Ассамблея

Жылан жылына есеп берген Қазақстан халық ассамблеясы төрағасының орынбасары білім, ғылым, денсаулық, құрылыс салалары бойынша жетістіктің жеткілікті болғанын жеткізді. Әсіресе, шағын және орта бизнесті дамытуда көп ұлтты еліміз көп тірлік тындырған. Енді 16-сессияның жауапкершілігіне «Болашақ» бағдарламасы да еніп отыр. Бұл дегені, енді шетел асатын бауырлас достардың қатары көбейеді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=N_3VyCeGe0Y[/youtube]

ЙИкрам Хашимжанов, өзбек мәдени орталығының төрағасы: «Жылқы жылында бізде тағы да жаңа нысандар ашылады. Жұмыс орындары ашылады. 24 мың жұмыс орны деп айтылды жана. Әрине, күтер жаңалық көп. Балаларымыздың болашағы үшін қазіргі таңда білімді деген ұл-қыздарымызды дайындап жатырмыз.»

Ассамблея

Ассамблея

Бүгінгі таңда өңірімізде 20 ұлттық-мәдени орталыққа біріккен 108 ұлт пен ұлыстың өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешіп келеді. Тіліне тұсау жоқ, дінін де құрметтейді Алаш елі. Ортақ Отанның мемлекеттік тілін де болашақта еркін меңгеретініне төзімділік танытып, үлкен сеніммен қарайды. Баршаға құшағы ашық мемлекеттің басты қазынасы біреу. Ол – бірлік. Бірлік болғанда ғана тірліктің болары айқын. Ассамблеяның 16-сессиясында айтылған тоқетер түйін – осы.

Ассамблея

Ассамблея

Ассамблея

Ассамблея