Джиткундошыларымыз ерледі

342
Спортшылардың жекпе-жегі

Шымкенттің джиткундошылары халықаралық жарыстан жүлделі оралды. Спортшыларымыз 9 алтын медальді еншілеп отыр. Өзбекстанның Гүлстан қаласында өткен Әмір Темірдің кубогінде татами иелерінен бөлек Қазақстан мен Қырғыстаннан 300-ден аса спортшы келді.

Спортшылар шеберімен амандасуда
Спортшылар шеберімен амандасуда
Спортшылардың жекпе-жегі
Спортшылардың жекпе-жегі 
Бекзат Джалал, бас жаттықтырушы
Бекзат Джалал, бас жаттықтырушы

Облыс қоржынына алғашқы атынды 48 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен 15 жасар Альбухаир Ирисметов салды. Оның айтуынша, татамиде 4 кездесу өткізіп, ақтық сыңда Өзбекстандық спортшыны ұрып,талдырыпты.

Ел қоржынына алғашқы алтынды салған спортшы Альбухаир Ирисметов
Ел қоржынына алғашқы алтынды салған Альбухаир Ирисметов

8 жасар Нұрсұлтан Махмуд халықаралық турнирде ең жеңіл 25 келі салмақта өнер көрсетті. Ол татамиде 3 кездесу өткізіп, өзінің алғашқы алтынын иеленді.

 Ел намысын қорғаған ең жас Нұрсұлтан Махмуд  алтын медаль иеленді
Ел намысын қорғаған ең жас спортшымыз – Нұрсұлтан Махмуд 
"Әмір Темір" атындағы халықаралық турнирінің алтын медальі
Әмір Темір кубогінің алтын медалі

Нұрсұлтан Махмуд тебу әдісін шыңдауда

 Жаңа жылдық мерекеден соң джеткундошылар қаңтар айында Шымкентте өтетін Қазақстан ашық чемионатында бақтары мен баптарын сынайды.