Облыста жүз мыңдаған адам жердің кезегінде тұр

271
Созақбай Әбдіқұлов

 Шымкентте келесі жылдан бастап инфрақұрылымы тартылған аймақтан жер беріле бастайды. Бұлай деп облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Созақбай Әбдіқұлов баспасөз мәслихатында жариялады. Сондай-ақ, тіисті мақсатына сай игерілмей жатқан жер анықталып, жер қорына қайтарылу жұмыстарының нәтижесімен таныстырды.

Созақбай Әбдіқұлов
Созақбай Әбдіқұлов

 Соңғы жеті жылдан бері облыс тұрғындарынан баспана салу үшін жер сұраған 205 мыңға жуық өтініш келіп түскен. Оның 76 мыңы қанағаттандырылған. Тағы 128 мың азамат кезекте тұр. Кезектің көп болуы аудан-қалалардың бас жоспарлары мен ықшамдалған сызбалардың болмауы мен инфрақұрылым тартылмауы себебінен орын алуда. 

 Созақбай Әбдіқұлов, ОҚО жер қатынастары басқармасының басшысы: «Су, газ, жарық  тартылады, содан кейін барып кезекпен жер беріледі. Сол үш талап орындалмайынша, тұрғын үйге жер берілмейді. Бүгінгі күні барлық аудан-қала орталықтарының бас жоспарлары бекітілді. Жобалық-сметалық құжаттар жасауға қаржы бөлініп жатыр. Келесі жылдан бастап, жаңағы инфрақұрылымдары жасалған жерлер кезекпен беріле бастайды.»

Жер қатынастары дегенде, жыры бітпейтін жер дауынан аттап кету мүмкін емес. Біздің Оңтүстікте бір жерді бірнеше адамға беру секілді өзекті мәселелер жиі кездеседі. Соңғы уақытта берген жерді мемлекеттің мұқтаждығы үшін деп қайта өндіріп алу сияқты оқиғалар да кездесіп жатады.

 Созақбай Әбдіқұлов,ОҚО жер қатынастары басқармасының басшысы: «Уақытында үлкен-үлкен жерлерді беріп жіберген. Әсіресе, Сайрам ауданында 5300 адамға сондай жер беріліпті. Яғни, бір адам ауыл шаруашылығы мақсатында 1 га жер алады. Ал оны апарып он адамға 10 соттықтан сатады. Бұл – ауыл шаруашылығы жері, бұған үй салуға болмайды деп түсіндірмейді. Адамдар сатып алады да, оған үй саламын дейді. Ал ол заңсыз болады.»

Айтпақшы, түгендеу жұмыстарының нәтижесінде өз мақсатында игерілмей жатқан 514 мың гектар жер анықталып, 407 мың гектары мемлекетке қайтарлыған. Ал 7 мыңға жуық гектар жер иесіз ретінде есепте тұр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=8keqc1jR5Bw[/youtube]