Шымкентте трансформатор зауыты ашылады

Ток үнемдегіш трансформаторлар. Кентаудағы өндіріс орыны енді осындай қалтаға қонымды қондырғылар шығара бастады. Жоғары кернеулі отандық өнімнің тұсау кесері Шымкентте өтті.

 Қазіргі таңда Кентаудағы зауыт тек электр энергиясын үнемдейтін шамдарды ғана емес, үнемдегіш трансформаторларды да шығарып отыр. Соңғы үлгідегі ТМГ-12 деп аталатын электр қондырғысымен компания өкілдері алғаш болып шымкенттіктерді таныстырды.

 Гауһар Асанова, компания өкілі: «Біздің компания еліміздегі атақты бренд компания болып есептеледі. Бізде 6-10 КВТ, 35-тік, 110-220 ВТ трансформаторлар шығарылады. Ал бүгінгі біздің көпшілікке таныстырып отырған трансформаторымыз тек үнемдеп қана қоймай, электр энергиясының ысырабын да қысқартады.»

50 жылдық тарихы бар бұл зауыт еліміздегі трансформатор жабдықтарын шығарумен айналысатын бірден-бір жалғыз кәсіпорын. Әрі ірі, тарихы бай саналады. Мұнда қуаты 1000-нан бастап қажетті деңгейге дейінгі трансформаторлар шығарылады. Өндірілген өнімдер елімізде ғана емес, көршілес елдергеде экспортталады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=hBvtFzT2hvA[/youtube]

Ахкибаш Абдуллаева, ОҚО мемлекеттік жобаларды сараптау орталығының маманы: «Бұл зауыттың өніміне деген сұраныс жоғары. Ол сапасының жоғарылығынан болса керек. Өйткені зауыттың шығарған өнімдері барлық стандартқа сай. Оның үстіне өзіміздің отандық өнім. Сондықтанда көптеген мемлекеттік жобаларда осы компанияның шығарған тауарларына тапсырыстар беріліп жатады.»

Компанияға тиесілі зауыт тек Кентауда емес, Алматы қаласында да орналасқан. Ендігі жерде серіктестік өнім түрлерімен қатар зауыт санын да арттыруды көздейді. Алдағы уақытта Орал қаласы мен Шымкенттенде трансформатор жабдықтарын шығаратын кәсіпорын ашуды жоспарлануда.