Жолаушылар автобусы өртенді

198
Шұғыл түсірілім

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=bQcfNGKJTcU[/youtube]

Таяуда Шымкентте тапа-тал түсте жолаушылар автобусы өртке оранды. Абырой болғанда көлікте жолаушылар болмаған. Жүргізушісі де дін аман. Келеңсіз оқиға түскі сағат бірде орын алды.

Шұғыл түсірілім
Шұғыл түсірілім

Көлікте болған адамдардың айтуынша, автобус жақында ғана Алматы қаласынан әкелінген екен. Белгісіз себеппен тұтанған тілсіз жауды сөндіруші үшін өрт сөндірушілер жарты сағат арпалысты.  Қазір көлік иесіне келген материалдық шығынның көлемі анықталуда. Алдын ала болжамға сәйкес, өрт көліктегі электр сымдарының тұйықталуынан шыққан болуы мүмкін.