Қызылқия ауылының әкімі есеп берді

1045

Қызылқия ауылдық округіндегі 5 елдімекенде он мыңнан аса халық бар. Олардың дені ауыл шарушылығымен айналысатындықтан, мұндағы шаруа қожалықтарының саны 721-ге жеткен. Яғни, егіске жарамды 5206 гектар жер толық пайдаланылып отыр. Жайылым жердің көлемі 6 мың гектардан асса да мал бағуға жете бермейді. Ал былтыр қызылқиялықтар Қазығұрт ауданының бюджетіне 2 миллион 900 мың теңге көлемінде салық төлеген. «Біз тапсырманы 98 пайызға орындадық» дейді ауыл әкімі. Сондай-ақ, лизингпен алынуы тиіс техника түгелдей ауылға жеткізіліпті. Тағы бір айта кетер жәйт – өткен жылы округте тоғыз түрлі нысанның құрылысы қарқынды жүргізіліпті.

re

 Омар Төребаев, Қызылқия ауылдық округінің әкімі: «Жалпы, бізде 386 миллион 605 мың теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде ең маңыздысы – Ынталы, Қызылқия, Айнатас елдімекендерінде жаңадан қоныстанған жас отбасыларға, 344 үйге табиғи газ тартылды.»

Сондай-ақ, жылыжай және тамшылатып суғару әдісі бойынша тапсырма 70 пайызға орындалса, ауданнан бөлінген субсидияның тек тең жарымы игерілген. Күні бүгінде Қызылқиядағы үйлердің саны 1400-ге жетіпті. Алайда, оның 400 әлі күнге ресми тіркелмеген болып шықты.

Құрбан Тасбалтаев, Қызылқия ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы: «Үй салуға берген жерлерге ағын су бармайды. Бірақ, каналдың деңгейі үй орналасқан жерден биік. Сол жаңа салынған үйлерге каналдан су беруге болады.»

fss 

asdada

dgg

ssdf

sfsf

Кәсіпкерлік саласына келер болсақ, 2013 жылы ауылдың ісмер азаматтары «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығынан 23 миллион 500 мың теңге көлемінде несие алған. Қазір Қызылқияда 1 емхана, 1 медициналық бекет жұмыс істейді. Онда 5 дәрігер мен 32 мейірбике халыққа қызмет көрсетуде. Ал спорт алаңшаларының саны оннан астам. Екі типтік спорт залы да бар екен. Осының бәрін тізіп шыққан ауыл әкімінің есебінде тұрғындар көкейдегі сауалдарға жауап алып, Омар Төребаевтың жұмысына оң баға берді.