Әуе апатына бір жыл

383

Былтыр 29- қаңтар күні,  сағат 13:00 шамасында Алматы қаласының әуе жайына 5 шақырым қалғанда, «SCAT» әуе компаниясының Көкшетау-Алматы бағытына ұшатын SRJ-200 әуе көлігі құлаған болатын. Салдарынан ұшақтағы 21 адам көз жұмды. Солардың ішінде жерлесіміз, борт серік Дина Асфендиярова да бар еді. Көктен құлаған «Chelengher-200» ұшағы жермен жексен болып, бөлшектерінің сау тамтығы қалмаған. Ондай апаттан ібіліс болмаса, пенденің аман қалуы нөлдік пайызға тең.

addasd

Анасының айтуынша, Дина өз мақсатына ұмтыла білетін, білімге зерек, ізденімпаз қыз еді. Аспанға ұшу оның балалық арманы. Кәсібінде сол себепті таңдаған. Алғашында «АН-24» те қызмет еткен жас ана, кейіннен заманауи үлгіде жасалған жаңа «SRJ-200» әуе көлігіне ауысу үшін арнайы Мәскеуге барып білім алған көрінеді. Қызының әуе аптанан бақилық болғанын алғаш естігенде Рита апайдың сенгісі келмеген.

rtetert

 Рита АСФЕНДИЯРОВА, Дина Асфендиярованың анасы: «Алғашында сенгім келмеді. Бірақ бұл жай сәйкестік емес қой. Өйткені, телеарналар арқылы шұғыл шақырылымнан, жаңалықтардан көрсетті. Көкшетау-Алматы, Асфендиярова Дина дегенде, ұлым да, өзім де сенбедім. Сосын ұлыма,-бұл сәйкестік емес. Бұл біздің Дина дедім. Міне, біз солай білдік.»

Динаның артында Милана есімді 4 жасар қызы қалды. Қазір ол әкесімен. Ауыр қазаны көтеруге бүкіл қазақстандықтар материалдық, моральдық тұрғыда көмектесті. Бұл менің ғана қайғым болған жоқ. Барша қазаққа ауыр тиді. Ал әуе компаниясы қызымның денесін осында әкеліп, жер қойнауына табыстауға көмектесті. Алайда, апаттың ресми себебі жайлы ләм демейді. Тек БАҚ арқылы хабар алып отырмыз дейді марқұмның шешесі.

bcbvc

 

 Рита АСФЕНДИЯРОВА, Дина Асфендиярованың анасы:»Бізге ешкім, ештеңені түсіндірмеді. Біз тек жаңалықтар мен газет бетіндегі мақалалар арқылы хабар біліп отырамыз. Әзірге ауа-райының нашарлауы себеп болған дейді. Апат салдарын анықтау бір жарым жылға дейін созылуы мүмкін екен.»

fghhh

Ал, асқа келген әуе компаниясының басшылығы Динаның туыстарына көңіл айтумен шектелді. Әуе апаты жөнінде қосымша ақпар білгіміз келіп еді. Бізге сұхбат беруден бас тартты. Тіпті журналистердің мейрамханаға келгенін де хош кермейтінін жеткізіпті.  Әріптестерінен өзге Динаның жылдық асына туыстарымен, құрбы, достары келді. Барлығыда ол жайлы жақсы естеліктер айтып, рухына бағыштап құран оқыды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=SLUoLj1LKoE[/youtube]