«SCAT» әуе компаниясы ардагерлерді ардақтады

321
Әуекомпаниясының ұжымы ардагерлерді салтанатпен күтіп алды
Әуекомпаниясының ұжымы ардагерлерді салтанатпен күтіп алды
Әуекомпаниясының ұжымы ардагерлерді салтанатпен күтіп алды

«SCAT» әуе компаниясының ұжымы ҰОС-ы ардагерлеріне бір сәт жастық шағын еске салды. Ұшқыштар майдангерлерге арнап сарбаз быламығын дайындап ұсынды. Сондай-ақ бүгін соғыс және тыл ардагерлері концерт тамашалап, мерекені ашық аспан астында атап өтті.  Ұлы Отан соғысы дегенге шымкенттік ұшқыштар бей-жай қарамайды. Құрметі де ерекше.

Владимир Денисов, «Scat» әуе компаниясының президенті: » Дәл осы жерден ұшқыштар майданға аттанған. Оларды дайындайтын арнайы әскери-училище болған. Құрастырушы Кожедуб пен бірге 250 курсант майданға  кетіп, 70-ке жуығы соғыстан соң да дәл осы жерде қызмет етті».

Соғыс және тыл еңбеккерлерін Шымкент әуе жайында жайылған дастархан мен керемет концерттік бағдарлама күтіп тұрды.

Владимир Денисов,  «Scat» әуе компаниясының президенті:» Шымкент әуетобына 82 жыл толады. Қуанышымда шек жоқ, бүгін біз бейбіт өмір сыйлаған батырларымызға құрмет көрсетіп, жеңістің 68-жылдығын бірге тойлап отырмыз. Бұл мейрам еліміз үшін, өңіріміз үшін айрықша, айтулы күн».

Отты жылдары,отан үшін от кешкен ардагерлер өткенді еске алып, жеңіс үшін аянбай еңбек еткендерге де ризашылықтарын білдірді.

Павел Тыщенко, ҰОС ардагері: «Тылда еңбек еткендерге мың алғыс. Соғыс уақытында қажетті қарулар мен қатар, азық-түлікпен де қамтыған солар»».

Меркелік шараның шымылдығын жас өнерпаздар ашты. Қонақтар сарбаз быламығынан дәм татып, мәз-мейрам болысты. Соғыстан кейін жолаушыларды тасымалдаған Ан-2 ұшағы жүрек жұтқан қонақтарды күтіп тұрды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=X8qLbrgM-9I[/youtube]