Дені сау баланың саны сиреп барады

348
көліктердің көбеюі адам саулығына кері әсерін тигізуде

Жергілікті ғалымдар осындай шешімге қабылдады.  Сан жылдар бойы шаһардың ластанған ауасын зертеп келген олар осындай жантүршігерлік шешімге келді.

Шымкентте түсік тастау оқиғасы жиілеген
Шымкентте түсік тастау оқиғасы жиілеген

Бұл шақалақтарға тірідей дүниеге келу бұйырмаған. Құрсақта жатқанда-ақ экологиялық факторлар әсер етіп, жарық дүниеден айрылған. Медицина ғылымдарының докторы Мырзатай Бөлешовтың айтуынша, туылған сәбилердің ішінен дені сауы саусақпен санарлықтай екен.

Ғалымдардың бұлай деп дабыл қағуының өз себебі бар. Жылдар бойы жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ауаның күрт ластануы адам денсаулығына кері әсерін тигізіп жатқанын көрсеткен. Әсіресе, бауыр зардап шегеді. Ал бауырдың бұзылуы адам өмірін қысқартады. Ұмытшақтық ауруға әкеп, түрлі дерттің бетін ашады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=1ro2fARFybw[/youtube]

Қала көшелерінде көліктердің көбеюі адам өмірінің қысқаруына әкеп соғуда дейді мамандар. Ауадағы зиянды заттардың саны белгіленген мөлшерден төрт есе асып кетуінің негізгі себебі де осы.

Ғалымдар жыл сайын зерттеу жұмыстарының нәтижесін жауапты министрлікпен қатар республикалық медициналық орталықтарға жіберіп тұрады. Алайда адамдарды арашалап алатын жауап әлі келмепті.