Елбасы Қазақстан халқына жолдауын жариялайды

304
Елбасы жолдауы

17-қаңтар күні сағат 12.00-де Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Парламенттің қос палатасының отырысы өтеді және онда Мемлекет басшысы сөз сөйлейді деп күтілуде.

Елбасы жолдауы
Елбасы жолдауы

Бұған дейін «Болашақ» халықаралық стипендиясының мерейтойлық форумында Елбасы 2014 жылғы дәстүрлі Жолдаудың «Қазақстан 2050» стратегиясын жүзеге асыруға арналатынын мәлімдеген болатын. Ал саяси сарапшылар ертеңгі жолдауда бұдан да өзге өзекті мәселелер көтеріледі деп болжауда.

Ғаппар Маймақов, саясаттанушы: «Мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі тағы да айталыд деп ойлаймын. Себебі, бұл келеңсіздік тыйылмай отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа қырларын ойластыру керек шығар. Бұған қоса жолдауда кемшіліктерді де көтереді. Жыл сайын көрсетіп те, көтеріп те келеді. Кемшіліктердің қандай болғанын және қалай күресу керектігін Президенттің өз аузынан естиміз.»