Болашақ ұстаздар Елбасы жолдауын талқылады

566

«Мәңгілік елдің патриотымыз.» Дәл осылай ұрандаған Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжінің студенттері Елбасы жолдауын талқылап, оның жүзеге асырылуына үлесін қосуды жоспарлады. Кеш қонақтары мемлекет басшысының жаңа жолдауын қолдап, түсіндірме шараларын жүргізді. Ал жастар өздерне артылған жауапкершілік жүгін жақсы біледі.

Студенттер Елбасы жолдауын талқылады
Студенттер Елбасы жолдауын талқылады

Шахноза Расұлходжаева, ОҚПК студенті: «Бұл жолдаудың бізге 3 бірдей тармағы арналған. Өзім оқып шықтым. Мән-маңызы терең. Мен қазір Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжінде оқып жатырмын. Болашақта ұстаз болып, Елбасы сияқты көшбасшыларды тәрбиелегім келеді.»

 

Ұлсерік Қуандық
Ұлсерік Қуандық

Ұлсерік Қуандық,  ОҚПК студенті: «Әрине, Елбасы ғана емес, аға буынның бәрі бізге үміт артып отырғаннан кейін, біз де жерге қаратпаймыз. Білім алып, қызметке тұрып, адал еңбек етеміз».

Елбасының ұсынған дамуың даңғыл жолына түсуі – ел болашағының кепілі дейді зиялы қауым өкілдері. Айтуларынша, мәңгілік ел жастарының ақылды болуы аздық етеді, сонымен қатар белсенді әрі білімді болуы маңызды.

Мархабат Байғұт, жазушы: «Мәңгілік елдің» болашағы – жастар, сондықтан, олар белсенді болуы қажет. Жазушы айтты, ұстаз айтты, әкім немесе депутат айтты деген болмайды. Жастардың өздері оқып, өздері ойларымен түюі қажет. Сонда ғана дамыған 30 елдің қатыранан көрінеміз. Бірақ Мағжан Жұмабаев айтпақшы, «Мен жастарға сенемін!»

Айта кетейік, бүгінде 10 жылдық тарихы бар Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжі студенттерге педагогикалық, техиникалық, құқықтық сынды 4 бірдей бағыт бойынша білім беріп жүр. Ал колледж басшылығының айтуынша, білім ордасы «Мәңгілік елдің» жастарын тәрбиелеп келеді. Ендеше, Елбасы жолдауын ұғынып, қадам басқан ұжымға іске сәт дейміз!