Фариза ақынды халқы ақтық сапарға шығарып салды

610
Фариза Оңғарсынова

Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық жазушысы, қоғам қайраткері, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованы жұрты ақтық сапарға шығарып салды. Бүгінге дейін қазақ әдебиетіне қайтаналанбас құнды дүниелер сыйлап, шындықты ғана жырлап өткен қаламгердің өмірден озуы халқымыздың қабырғасын қайыстырды.

 

Фариза Оңғарсынова
Фариза Оңғарсынова

 Суреткер қай жазбасында да сезімнің сұлулығын ғана емес, көптің жоғын жоқтап, күйін күйттеген. Сондықтан ел арасында «Поэзия патшайымы» атағын иеленген еді. Қоштасу рәсімінде де Фариза ақынның еңбектеріне деген құрмет пен сүйіспеншілік көптің көз жасына ерік берді. Ақынмен қоштасуға келген дүйім жұрт алдында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхаты оқылды.