Ойыншық қарумен адам тонаған

642
Қылмыс құралы ретінде қолданылған ойыншық қару

Шымкентте сауда өкілін тал түсте тонап кетті. Өндірушінің тауарын дүкендерге жеткізіп жүрген азаматта ақша болатынын білген күдікті оған қару тақап, қалтасындағы қаржыны жымқырып кетпек болған. Алайда қарақшы алысқа кете алмады.

Қылмыс құралы ретінде қолданылған ойыншық қару
Қылмыс құралы ретінде қолданылған ойыншық қару

Ірі компанияның өкілі дүкеннен шығып, көлігіне отыра бергенде артынан белгісіз біреу қару тақаған. Тапаншадан сескенген сауда өкілі тонаушыға қалтасындағы бар ақшаны беріп жібереді. Бұзақы ізін суытқанан кейін 42 жастағы жәбірленуші тез арада 102 нөміріне хабарласып, көмек сұрайды. Орталықтан бағыт-бағдар алған жол-патрульдік полициясының қызметкерлрі көп ұзатпай сезіктіні құрықтады. Ол Айбергенов көшесінің бойында қолға түскен. Жек басын тінту барысында қалтасынан қару мен ақша тәркіленді.

Бір қызығы, тәркіленген тапаншаның түрі суық болғанымен, ойыншық болып шығыпты. Алайда, спирттік ішімдіктің буы күдіктіге ойыншық тапаншаны да кәдеге жаратуға күш берген секілді. Ұсталған азамат ұрланған ақшаны жаратып та үлгермепті. 24 жастағы жігіт қаладан пәтер жалдауға қаржы таппай, осы қадамға бардым деп отыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=__fIq4OVOLA[/youtube]

Осылайша ойыншықпен оинап жүріп от басқан азаматты тәртіп сақшылары аудандық полиция бөліміне алып кетті. Қазіргі таңда сезіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалған.