Жол опырылып қалды

376
көшенің бүгінгі көрінісі осындай

Қаламыздың қақ ортасындағы «Жаңа арқа» көшесінде жер опырылып, 1,5 метрге шөкті. Бұл жолғы келеңсіздікке табиғат пен жауын шашынның ешқандай қатысы жоқ. Жер астынан өткен су құбыры жарылған.

 

көшенің бүгінгі көрінісі осындай
көшенің бүгінгі көрінісі осындай

 Астын су шайған жер қыртысы шөгіп, бірнеше үйдің шарбақтары мен қабырғалары зақымдалды. Ал көше тұрғындары екі жеті бойы «Су ресурстары» маркетинг жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қоңырау шалып, маман шақырта алмаған. Ақыры өздері 12 мың тенге қаражат төлеп, жарылған құбырды жаматыпты. Ал су жауаптылар көшедегі құбыр олардың қарамағында емес екенін айтып ақталды.

«Жаңа арқа» көшесіне су құбыры 2005 жылы жүргізілген. Мердігер мекеме жер астына біздің айтқан құбырларды салмасаңдар жұмысты тоқтатамыз деп те қорқытты дейді тұрғындар. Енді арада өткен тоғыз жылда кінәлілерді тауып көріңіздер. 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=-nWV8b_hPaA[/youtube]

Шаһарда тап осындай «Су ресурстары» маркетингі ЖШС- не  қала шаруашылығына қарамайтын қанша шақырым су құбыры бар екендігін ешкім дөп басып айта алмайды. Оның қожайыны тек тұтынған суға төлем алғанда ғана табыла кетеді. Ал, қажет кезінде қожайыны табылмай, зардабын тартатын тұрғындар. Ендігі бір қызығы – опырылып қалған жолды кімдер қалпына келтіретіні белгісіз .