Жолдан тек рұқсат етілген тұстан өтіңіз!

354

Шымкенттің тәртіп сақшылары «Қауіпсіз жолаушы» алдын алу іс-шарасы өтті. Қаланың полиция қызметкерлері жер-жерде рейд өткізген .Соның 1 күнінде Әл Фараби полиция бөлімінің қызметкерлері «Қырғы базар» маңындағы үлкен жолдың бойында кезекшілік ұйымдастырды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=uCpkRcVLNKs[/youtube]

Айтқандай, базардан шыққан адамдар жолдың қарсы бетіне өтуі үшін арнайы жерасты өткелі салынған. Халықтың көбі сол жермен өтеп жатыр-ақ. Дегенмен, ерініп, жолдың үстімен жүгіріп өте салатындардың саны азаймай отыр. Олар көлік қозғалысына кедергі келтірумен қатар өз өмірлерін де қауіп-қатерге тігеді. Тәртіп сақшылары жолды ортасындағы бөгеттен асып түсіп, жүгіріп жүргендерді кері қайтаруға тырысып бақты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=2kB5cP34YDM[/youtube]

Осы орайда айта кететін жайт, жол жүру ережесін бұзған жаяу жүргіншілер де жауапқа тартылады. Олардың үстінен әкімшілік іс, кейде, тіпті, қылмыстық іс те қозғалуы мүмкін.