Қирағалы тұрған үйдің иесі көмек сұрайды

266
Жатын бөлмеде тұру қауіпті

Теміржол ауруханасының төңірегіндегі Шығанақ көшесінде тұратын Исаевтар отбасының баспанасы құлағалы тұр. Үй иесінің мәлімдеуінше, қабырғасы сөгілген, іргетасы отырған екі бөлмеде тұру қауіпті. Төрт баланың анасы шырылдап төтенше жағдай мамандарына да, жергілікті билікке де шағымданған, алайда нәтиже жоқ екенін айтады. Ақпан айында жатын және балалар бөлмесіндегі қабырғаларда сызат пайда болып, сылағы сыпырылып, кесектер құлай бастапты.

Шығанақ көшесіндегі 47 үйдің бір бөлігі құлауға жақын
Шығанақ көшесіндегі 47 үйдің бір бөлігі құлауға жақын

Сара Исаева, Әл Фараби ауданына қарасты Шығанақ көшесінің тұрғыны: «Не істеймін? Үйім құлап қалса, қайда барам шиеттей бала-шағаммен? Кәріз жүйесі толып қалды ма деп, оны жөндедік.Үйдің алдын бетондадық. Еш нәтиже  шықпады. Үйімнің бір бөлігі құлауға жақын. Балабақша салған  құрылысшылардың өздері үйіңізге қатты зақым келді дейді. Сол балабақшаны салған кәсіпкермен кездесе алмай әлекпіз.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=MvcmLjdRWQ0[/youtube]

Марат Тәжібаев, Әл Фараби аудандық әкімдігінің бөлім бастығы: «Бұл азаматша бізге шағымданған. Үйлеріне барып, акт түзгенбіз. Оны тиісті мекемелерге жібердік. Қаржылай көмек көрсете алмаймыз. Үйге келтірілген шығынды есептеу қажеттігін түсіндіріп, сотқа жүгіну жөнінде кеңес бердік.»

20 жыл бұрын жаңа қонысқа көшіп келген отбасының зардабы қарама қарсы беттен балбақша ғимараты соғылғанда басталыпты.

Жатын бөлмеде тұру қауіпті
Жатын бөлмеде тұру қауіпті

Тұрғын: «Алдында жекеменшік үй деп мемлекеттік актісін алып, сосын жекеменшік балабақша салғаны несі? Құрылыс басталғанда үйге зақым келтірілді. Қолдау сұрап, әпкемнің барған жері қалмады.»

Әзірше бала-шағасымен үйдің бір бөлмесінде тұрып жатқан отбасы тағы кімге шағымданатынын білмей әлек.