Оқыс оқиға 

Шымкентте үй қирап қалды

Шымкентте тұрғын үйдің бір бөлігі қирап қалды. Қираған баспана сол сәтте үйдің ішінде болған қожайыны мен қонақтарды басып қала жаздапты. Апат орнына 4 құтқарушы келді. Олар үйінді астынан құжаттар, Еңбек ардагерінің ордендері мен медальдарын және қару сақталған сейфті алып шықты. Қабырғасы опырылып қалған баспанаға қала әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов бастаған арнайы жұмысшы тобы келді. Үй иелерінің айтуынша, баспананың құлауына көршілер кінәлі көрінеді. Олар құрылыс жүргізу барысында арықтарды бітеп тастапты. Соның салдарынан тасыған су үйдің іргетасын мүжіген. 1937 жылы салынған бұл баспананы кезінде бірнеше мәрте су басыпты. Тап қазір үй маңындағы…

Read More
Жаңалықтар 

ВИЧ індетіне шалдыққан 8 жасар жеткіншек көз жұмды

Шымкентте ВИЧ індетіне шалдыққан 8 жасар жеткіншек көз жұмды. «Балаларды СПИДтен қорғау» қоғамдық қорының төрайымы мұны ақ халаттылардың салғырттығынан көріп отыр. Естеріңізге болса, мүгедек баланы небәрі 2 жасында анасы әлеуметтік жағдайына байланысты балалар үйіне өткізген. Ауруханада жатқан бөбек ВИЧ індетін осылайша жұқтырған еді.  Науқас бала жылдар бойы облыстық психо-неврологиялық диспансерде ем қабылдап келген. «Балаларды СПИДтен» қорғау қорының төрайымы Жаннета Жазықбаеваның айтуынша, баланың өліміне ВИЧ індеті емес, дәрігерлер дұрыс күтім жасамауы себеп болған. Өйткені, ауруханада дәрігер маман тапшы көрінеді. Жаннета Жазықбаева, «Балаларды СПИДтен қорғау» қорының төрайымы: «Ол балаға бір дәрігер бөле…

Read More
Жаңалықтар 

Жер дауын қалалық әкімдік бақылауға алды

Шымкент қаласының әкімдігі «Солтүстік Саяжай» шағынауданы тұрғындарының мәселесін шешуге кірісті. Бүгін әкімдік алдына жиналған 200-ге жуық шағымданушының тізімі жасалып, құжаттарының көшірмесі тіркелді. Базынасын арқалаған жұрттың тілегі — «Ақ ниет» кооперативінен үлестірген жер телімдерін заңдастыру. Естеріңізге салайық, 7-наурыз күні аталған елдімекен тұрғындары облыс әкімдігінің ғимаратына жиналып, наразылық шарасын өткізген еді. «Солтүстік Саяжай» шағынауданы тұрғындары бұл жолы қала әкімдігіне жиналды. Өздеріне «Ақниет» өндірістік кооперативі үлестірген жер телімін заңдастыруды діттеген жұрттың бір бөлігі құжаттарын арқалай келсе, басым көпшілігінде жерге берілген мемлекетттік акті де жоқ. Құжаты барының да жері кепілдікке тұрған көрінеді. Қазір әкімдікте…

Read More
Жаңалықтар 

Зейнеткердің өз кәсібі бар

Зейнет жасындағы Меруерт Көлбаева кәсіпкер атанды. Қиыншылыққа мойымаған ІІІ топтағы мүгедек жасы алпысқа таяғанда адал кәсіппен айналысып, қаржы тауып жүр. Жеке бизнесі үшін ғимарат іздемеген. Өз пәтерінің ішінен тігін цехын ұйымдастырған. Зейнеткердің бастамасын шенділер қолдап, көмек қолын созыпты. Тиісті кеңес пен қажетті қаражат алған тәуекелшіл әйел қасына қолы бос көршілерін тартыпты. Сөйтіп, үшеуі бірігіп, төсек жабындыларын тігуге кіріскен. Меруерт Көлбаева, зейнеткер: «Менің көмекшілерім — өзімнің көршілерім. Біз бұл үйде көршілермен тату-тәтті тұрамыз. Бірақ қазір бәрі жұмыссыз отыр. Әрі бір жағынан «Осыларға да жұмыс ашсам ба» деген ойым да болды. Құдайға…

Read More
Жаңалықтар 

Сайрамда «Аллаһ» деген жазуы бар бұзаулар жүр

Сайрам ауданындағы Қарамұрт ауылында ерекше екі бұзау бар. Олардың туылуы жергілікті халықты таң-тамаша қалдырып отыр. Себебі, үй жануарларының бүйірінде арабша жазуға ұқсас бейне бар екен. Оны алғаш болып малдың иесі Ислам Батыров байқайды.   Шаруа дереу жергілікті имамнан көмек сұрап барған. Бұзаудың бүйіріндегі жазуды ұзақ зерттеген дін қызметкері бейненің «Аллаһ» жазуына ұқсас екенін айтады. Дегенмен, толықтай сәйкес келіп тұрған жоқ. Сондықтан, асығысытық жасамауды өтінеді. Ал шаруа осы жылдың қаңтарында туылған бұзаудың бірін — Марадона, екіншісін — Рухшона деп атапты. Марадона деген себебі — футболға деген құмарлықтың белгісі болса, Рухшона табыс…

Read More
Жаңалықтар 

Өзбек театры аналарды құттықтады

Бәрі де арулар үшін! 8-наурыз мерекесінде облыс бойынша түрлі мерекелік шаралар өтті. Соның бірін облыстық өзбек мәдени орталығы мен Сайрам театры ұйымдастырды. Қызметкерлер қыз-келіншектерге арналған мерекелік концерт тарту етіп, Әз-көктемнің шуақты күніндей құлпырған қыздар мен аналарды құттықтады. Сәкен Сейфуллин атындағы халықтар достығы үйінде өткен шара барысында сатира-сықақшылары бүгінгі күнгі әйелдердің тыныс-тіршіліктерін әзілмен де көрсете білді. Бұл мереке қарсаңындағы көңіл-күйді көтеру мақсатында ұйымдастырылған кеш болатын. Икрамжан Хашимжанов, облыстық өзбек драма театрының директоры: «Бүгінгі шараның мақсаты — қарындас, әйелдер мен аналарымызды мерекелерімен құттықтау. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» дейді. Сондықтан да шаңырағымыздың беріктігі…

Read More