Жаңалықтар 

«SAMSUNG» тұтынушылар арасында ұтыс ойынын өткізді

«Самсунг» дүкені жерлестеріміз үшін керемет ұтыс ойынын өткізді. Қаламыздағы бірегей бренд-дүкені тұтынушыларына қымбат бағадағы смартфондар мен тұрмыстық техникалар және заманауи теледидарлардың иесі атануына мүмкіндік сыйлады. «Самсунг» дүкені ұтыс ойында басты бәйге — шетелде демалуға екі жолдаманы да тікті. Көрермендер қоржыннан шыққан әр санды демін ішіне тарта бақылап отыр. Тұтынушылардың бәрі де «Самсунгтың» арнайы сыйын иеленгісі келеді. Айтулы ұтыстың ішінде басты сый — шетелге 2 бірдей жолдама болды. Нәдір Кәрімов, «SAMSUNG» дүкенінің директоры: «Бұл жолдаманы жеңіп алғандарға сертификат беріледі. Онда 400 мың теңге қаржы бар. Бұл ақшаны шетелге ұшуына ғана емес, сол…

Read More
Жаңалықтар 

Дарынды оқушылар марапатталды

Облыстағы дарынды оқушылар форумы өтті. Арнайы шара аясында қалалық, облыстық және республикалық олимпиадаларда жеңімпаз болған шәкірттер бағалы сыйлықтар және арнайы сертификаттармен марапатталды. Күні кеше ғана ел аумағында өткен пәнаралық додада да жеңістің тұғырынан көрінген жерлестерімізге облыстық білім басқармасының басшылығы алғыстарын білдіріп, алдағы оқу жылына табыс тіледі. Жәния Төлегенова, №45 жалпы орта мектептің оқушысы: «Мен пәнаралық олимпиадада 1-орын алдым. Бұл жеңіске жету үшін өте көп дайындалдым. Сондықтан сұрақтар маған аса қиындық туғызған жоқ, берілген шектеулі уақыт ішінде жауап бердім. Осылайша ұстаздарымның үмітін ақтадым. Алдағы жоспарым- келесі жылы да республикалық пәнаралық олимпиадаға…

Read More
Жаңалықтар 

Жәрмеңкеде көкөніс қымбаттады

Жәрмеңкенің бағасы көпшіліктің көңілінен шықты. Сауда орындары мен дүкендердегі бағадан анағұрлым арзан өнімді шымкенттіктер таласа сатып алды. Таң рауандап атысымен-ақ, Әл Фараби алаңындағы жергілікті өнімдердің саудасы басталып кетті. Шымкенттіктер арзан өнімдерді сатып алуға ағылды. Ал жәрмеңке сатушыларының сөзіне сенсек, өнімдер арзан ғана емес, сапасы да сын көтереді. Гүлнәр Бақытбек, қала тұрғыны: «Маған бәрі ұнады, таза жергілікті өнімдер болған соң, қуана алып жатырмыз. Тәтті кәмпиттерді де сатып алдым.» Нұржан Сегізбаев, қала тұрғыны: «Біз тағы да 25 келі құмшекер алғымыз келген еді әдеттегідей, бірақ, бұл жолы бермей жатыр. 5 келіден артық бермейміз…

Read More
Оқыс оқиға 

Шымкентте тағы бір ана өз баласын сабап тастады

Шымкентте тағы бір ана өз баласын көкала қойдай сабап тастады. 8-шағынауданда тұратын 36 жастағы келіншек 5 жасар қызын денесінен сау тамтық қалдырмай, ұрып жатқанда балақайды көршілері шешесінен әзер дегенде арашалап алған. Артынша оқиға орнына жергілікті полицейлер де жетіп, бүлдіршінге алғашқы жедел жәрдем де көрсетіледі. Кішкентайдың басы мен бетінен сау тамтық қалмаған. Тіпті, балақайдың маңдайы жарылған. Ал шешесін тексерген дәрігерлер оны психоневрологиялық диспансерге қаралуын қадағалау керек деген тұжырыммен жолдама жазды. Қазір балақай облыстық балалар ауруханасында жатыр. Бұл іс бойынша тергеу басталып кетті. Туған перзентін сабап тастау фактісі Шымкентте осымен екінші рет…

Read More
Жаңалықтар 

Дендросаябақта көктемгі күту жұмыстары басталып кетті

Шымкенттегі дендросаябақтың ағаштарын күтіп ұстау жұмыстары қарқын алған. Бүгінгі таңда саябақтың тұқым бағында сырттан әкелінген ағашты егу жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек бұрын егілген ағаштардың бұтақтары ретке келтіріліп жатыр. Мемлекеттік дендрологиялық саябақтың жалпы алаңы 117 гектардан асады. Ол төрт аймаққа бөлінген. Саябақта ағаш-бұтан өсімдіктерінің 560 түрі өсірілуде. Сол себепті болар, дендрологиялық бақтың қызметкерлері мұндағы ағаштардың санын білмейді. Өйткені қандай да бір санақ жүргізілмейді екен. Есесіне жыл сайын көктемде олардың қатарын көбейтіп, жаңа көшеттер отырғызып отырады. Әлімжан Арыстанов, Дендрологиялық саябақтың ғылым бөлімінің басшысы: «Биыл ауа-райы сәл қолайсыз болды. Себу, егу жұмыстары жүргізілетін…

Read More
Жаңалықтар 

Түркістандықтар үшін көгілдір отынға қол жеткізу құны қанша?

Түркістанға отандық көгілдір отынның көзі келгелі халықтың қуанышында шек жоқ. Алайда, оны үйді-үйге тарату оңайға соқпай тұр. Көмір мен тезектен құтылып, күл шығармайтын болдық деген ағайынның арманы қаржыға келіп тірелді. Онсыз да қымбатшылық жағадан алғанда, әр үйге газ кіргізу 250 мың теңге болып бекітіліпті. Бұл сома қарапайым халықтың қуанышын су сепкендей басты. Айна Бейсалова туылғанынан киелі шаһарда тұрады. Елу жыл дегенде келген көгілдір отынды үйіне кіргізіп алу үшін барын салыпты. Қарызданып-қауғаланса да көршілерінен қалмаймын деп, 250 мың теңгеге үйіне газ кіргізген. «Әзірге 75 мыңын төледім. Қалғанын уақыт көрсетеді. Бірақ, мына…

Read More