Жаңалықтар 

«Жолда қабылдау» акциясы барысында жүргізушілердің құқығы түсіндірілді

«Жолда қабылдау» атты республикалық акция Шымкентте де өтті. Шараны «Нұр Отан» партиясының өкілдері мен әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері бірлесе жүргізді. Осы акция барысында ұйымдастырушалыр шымкенттік көлік жүргізушілерінің көбінің өз құқықтарын біле бермейтінін байқады. Жол сақшылары тоқтатқан кейбір көлік жүргізушілері құжаттарын ала жүгірді. Ал кейбірінің, тіпті, мазасы қашты. Бірақ, олар жай ғана саулнамаға жауап алу үшін тоқтатылған еді. «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы төрағасының мәлімдеуінше, жүргізушілердің полиция қызметкерінің алдына жүгіріп баратыны өздерінің құқықтарын толық білмейтінін көрсетеді. Өмірзақ Мелдеханов, «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының төрағасы: «Біздің азаматтарымыздың көпшілігі өздерінің құқықтарын біле бермейді….

Read More
Жаңалықтар 

Ұшақ апатына қатысты сот жалғасуда

Шымкенттің Абай аудандық сотында АН-72 әскери ұшағының апатқа ұшырауына қатысты сот отырысы жалғасуда. Айта кетейік, атышулы процеске судья Саидбаттал Тоқбергенов төрағалық етеді. Кезекті сот отырысына Қанат Ақылбековтың әкесі және «Қазаэронавигация» мекемесінің Шымкенттегі филиалының директоры да қатысты. Сондай-ақ, ұшақ апатында құрбан болған Шекара қызметі басшысының міндетін атқарушы Тұрғанбек Стамбековтың ұлы да келді. Ол ұшақ апатына диспечердің кінәсі бар деп отыр. Ал диспечер Қанат Ақылбековтың басшысы, керісінше, айыпталушының кінәлі екеніне сенбейтінін жеткізді. Ол Қазақстан Республикасы Бас пркуратурасының «Әуе апатына техникалық ақау себеп» деген алғашқы мәліметін алға тартып отыр. Ал қазір істің райы…

Read More
Жаңалықтар 

Оннан астам көлік ұрлаған жеткіншектер ұсталды

Шымкенттің полиция қызметкерлері көлік ұрлаумен айналысып жүрген екі жігітті қолға түсірді. Былтырдан бері қаланың бірнеше тұрғыны көліктерінен айрылып, полицияға шағым түсірген болатын. Осы орайда тәртіп сақшылары «Көлік ұрлығы» атты жедел-алдын алу операциясын жүргізеді. Соның нәтижесінде екі күдікті қолға түсті. Тергеу барысында күдіктілердің осындай 16 ұрлыққа қатысы бары анықталып отыр. Олар түн қараңғысында қараусыз тұрған көліктердің терезесін сындырып кіріп, айдап кетіп отырған. Айта кету керек, ұсталғандардың бірі — кәмелет жасына толмаған жеткіншек. Қазір екеуі де қамауда жатыр.

Read More
Жаңалықтар 

Қарасулықтар қара суға зар

Сайрам ауданы, Қарасу ауылының халқы тіршілік нәрінен тапшылық көруде. Ақсу мен Қарасу өзендерінің ортасында отырған он мыңға жуық тұрғын ауызсудың азабын тартып отыр. Себебі, жекенің меншігіндегі су құбырынан соңғы бірнеше жылда тамшы су да ақпаған. Уәли Катеков отбасына су тасу үшін жұмыстан жиі қалады. Үйіне ауызсу құбыры тартылған. Бірақ, соңғы үш жылда құбырдан бірде-бір тамшы су ақпапты. Қарасу ауыл округінің Жаңақұрылыс шағынауданына көшіп келген жылы сағаттап ағатын су бұл күндері мүлдем жоқ. Уәли Катеков, Қарасу ауылының тұрғыны: «Қашанғы сусыз отырамыз? Сусыз қайтіп күн көреміз? Су жоқ, 2-3 жыл болды, тасып…

Read More
Жаңалықтар 

Шымкентте мүгедектерді жұмыспен қамту межеден артығымен орындалған

Шымкентте мүгедектерді жұмыспен қамту межеден артығымен орындалған. Бұл туралы қаланың құзырлы қызметі мәлім етті. Жылқы жылында мүмкіндігі шектеулі 110 адамды жұмысқа орналастыруы тиіс мекеме бас-аяғы екі жарым айдың ішінде 500-дей азаматтың «екі қолына бір күрек ұстатқан». Орталық мамандарының сөзінше, шаһар бойынша жұмыс істеуге қабілетті әлі де мүмкіндігі шектеулі 4 500 мың азамат бар екен. «ЛТД Тұрмыс» мекемесіне табель толтырушы болып жұмысқа орналасқан Оксана Фокина өз жұмысын асқан сүйіспеншілікпен атқарып жүр. Өйткені, мүмкіндігі шектеулі бойжеткен бұл жерде қызмет етемін деп әсте ойламаған. Балалар үйінің түлегі пәтер кезегіне тұру үшін құжат дайындап…

Read More
Жаңалықтар 

Халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс көбейді

Бірқатар елдімекендердің Шымкент қаласының аумағына өтуіне байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы көбейді. Азаматтарға қызмет көрсету аясы кеңейген орталық басшылығы жұмысты оңтайландыру мақсатында төлем қабылдау мәселесі бойынша «Қазпошта» АҚ ОҚО филиалымен меморандумға қол қойған. Облыстық халыққа қызмет көрсету орталығында халықтың қарасы қалың. Құжаттарын рәсімдеуге келгендер төлемдерін осында төлеуде. Солардың бірі — түбіртек бойынша төлем жасамақ болған шымкенттік Надежда Шкодаревич касса іздеп әлекке түсті. Надежда Шкодаревич, қала тұрғыны: «Мекенжайға тіркелу үшін түбіртек бойынша мемлекеттік баж салығын төлеу керек екен. Бірінші залда касса істемей тұр. Ал мына жерде кассир жоқ. Іздеп жүрмін.»…

Read More