Жаңалықтар 

Ұшақ апатына қатысты сотта тағы бір куәгер тыңдалды

Шымкентте АН-72 ұшағының апатына қатысты жүріп жатқан сот отырысы жалғасуда. Бұл жолы сотта куәгер ретінде ЯК-42 әуе кемесінің командирі шақырылды. Өйткені дәл осы ұшқыш тізгіндеген ұшақ апат болған соң жарты сағаттан кейін әуежайға ойдағыдай қонған болатын. 30 жылдан астам тәжірибесі бар Александр Кабановтың айтуынша, қайғылы жағдайдың орын алуына диспетчер емес, ұшқыштардың қателігі себеп. Себебі, табиғаттың кез келген қолайсыз уақытында үшқыштар барлық жағдайға дайын болуы керек. Ал диспетчер оларға жол көрсетуші ғана дейді ол. Александр Кабанов, ұшқыш: «Сол күні ауа райы қолайсыз болды. Бірақ соған қарамастан экипаж мүшелері өздері шешім қабылдауы…

Read More
Жаңалықтар 

Түрме басшыларының бірі парамен ұсталды

Шымкентте қылмыстық атқару жүйесі департаментінің лауазымды қызметкері пара алу кезінде ұсталды. Аталмыш департамент бастығының орынбасары 2000 АҚШ долларын қаладағы сауда орталықтарының бірінде алып жатқан жерінде қолға түскен. Тергеу барысында белгілі болғандай, сезікті азамат бұл қаржыны кадрлық резервте тұрған азаматты Шымкент қаласының атқару инспекциясындағы лауазымында қалдыру үшін сұраған көрінеді. Осылайша лауазымды қызметкер өз өкілеттілігін пайдаланып, алаяқтық жасамақ болыпты. Қазіргі таңда оған қатысты қозғалған қылмыстық іс толық дәлелін тауып, сотқа жолданды.

Read More
Жаңалықтар 

«Изуми» өз тұтынушыларын Наурыз мерекесімен құттықтады

Жанданған би, әсем әндер, түрлі байқаулар, бәрінен бұрын сыйлықтар топтамасы. Мұның барлығын көктем мезгілінің мерекелі күндері «Изуми» сауда желісі өз тұтынушылары үшін ұсынды. Мерекелік шара аясында ұтыс ойындары ұйымдастырылып, жеңімпаздар өз олжаларын иемденіп қайтты. «Изуми» сауда желісінде жерлестеріміздің қатысуымен мерекелік ұтыс ойындары ойналды. Фирмалық киімдер, дисконттық карталар, «Изумидің» өнімдерін иемденуге берілетін сертификаттар — ұтыс сыйларын иемдену қиын болған жоқ. Бұл үшін қаламыздағы 6 бірдей «Изумидің» дүкенінің бірінің клиенті болсаңыз, жеткілікті. Айтпақшы, ұтыс ойынына мыңнан аса сыйлық тігілген. Өмірәлі Ералиев, «Изуми» сауда желісінің директоры: «Наурыз мерекесінің құрметіне біз тұтынушыларымызбен ерекше ұтыс…

Read More
Жаңалықтар 

Оңтүстікте Наурыз мерекесін тойлау жалғасып жатыр

Оңтүстікте Наурыз мерекесін тойлау жалғасып жатыр. Сайрам ауданына қарасты Оймауыт ауылының тұрғындары да жыл басын үлкен құрмет-ықыласпен қарсы алды.  Дариға Өмірәліқызы, Оймауыт ауылының тұрғыны: «Наурыз мерекесін ауыл болып ұйымдастырып, өткізіп жатырмыз. Ата-баба жоралғыларын жаңғыртып, бесікке салу, тұсаукесерді де қолға алдық.  Наурыз біздің елдімекеннің ырыс-ынтымағын асырып, бірлігімізді нығайтуда. Себебі, араздасқан адамдар болса, осы күні татуласып, кеуде қағыстырып, өткенді ұмытады ғой. Наурыздың өз ырыс-несібесін арқалап келетіні бар ғой, ендеше барша жерлестерімізге тек жақсылық тілеймін! Ел аман, жұрт тыныш болсын!» Мектептің оқушылары ән айтып, би билеп, әз-Наурыздың ажарын аша түсті. Ұлттық құндылықтарымыздан сыр…

Read More
Жаңалықтар 

Мүмкіндігі шектеулі азаматша кәсіп ашып, өзгелерге көмектеспек

Рухы мықты жан. Өңірімізде өз кәсібін ашып, өзгелерге де жұмыс беруге әзір бірінші топтағы мүгедек жан тұрады. Гүлпан Жұмағұлова мүмкіндігінің шектелгеніне қарамастан қол кусырып отырмай, өз кәсібін ашып, өзі сияқты жандарға  қолдау көрсетпек. Гүлпанның моншақтардан қолөнер бұйымдарын жасауды үйренгеніне біраз болды.Үй шаруасынан қолы босаған тұста отанасы баласымен түрлі заттарды дайындап, бөлмені безендіріп те қойған. Мұндағы перделер, жастық пен көрпелердің тыстары да осы мүмкіндігі шектеулі азаматшаның қолымен тігілген. Тағдырдың тауқыметін көрген Гүлпан еңсесін түсірген жоқ. Шойын жолда жарақат алып, мүгедектер арбасына танылған ол алдымен Алланың арқасында, одан кейін өмірге деген құштарылығы мен…

Read More
Жаңалықтар 

Оңтүстікте көктемгі егіс басталды

Оңтүстік өңірінде көктемгі дала жұмыстары жүргізілуде. Межеленген 497 мың гектар жердің бүгінде 68 пайызы егін науқанына дайын. Биылдыққа ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 805 мың гектарды құрайды.Үкімет тарапынан облысқа бөлінген 32 мың тонна дизельді отын тауар өндірушілерге енді үлестірілмек. Көктемнің жаңбырлы болуына байланысты Сайрам, Төлеби, Түлкібас аудандарында жаздық астық, жоңышқа, мақсары сияқты дақылдардың 3-4 пайызы ғана егілді. Ерте пісетін көкөніс — сәбіз, қырыққабат, пияз 2 жарым мың гектарға, картоп 500 гектар жер алқабына отырғызылды. Оңтүстікке жеңілдетілген бағамен берілетін 66 мың тонна тыңайтқыштың он сегіз мың тоннасы алынды. Мірсейіт Ералы, Қазығұрт…

Read More