Жаңалықтар 

Шымкенттік жастар Ұлыстың Ұлы күнін тойлады (фото)

Шымкенттік ЖОО студенттері де Ұлыстың Ұлы күнін арқа-жарқа тойлады. Қаланың орталығына киіз үй тігіп, мерекенің мерейін асырды. «Руханият», «Бәйтерек», «Сал-серілер» және «Жастар ауылы» сынды киіз үйлер алыстан-ақ көз тартады. Сонау ықылым замандағы қазақтың тыныс-тіршілігін еске салады еріксіз. Біз арасынан «Жастар» ауылына арнайы бұрылуды жөн көрдік.   «Жастар» ауылында байырғыша сал-серілер ән айтпаса да, бүгінгінің өнерлі жастары ауылдың ажарын ашуда. Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз мерекесіне барынша дайындалған. Ұлттық тағамдарға толы мерекелі ақ дастархан жайылған. Дөңгелене отырған жастар ұлттық нақыштағы киім киюді де ұмытпапты. Қабыл Батырхан, жас әнші: «Бүгін ұлттық ою-өрнектерге…

Read More