Жаңалықтар 

«Наурыз» жәрмеңкесіне келіңіз!

Алматы жәрмеңкесі — Шымкенттің төрінде. Ұлыстың ұлы күніне арналған жәрмеңкеге отандық өнімдермен қатар көрші Ресейден бастап Түркия, Италия, Бельгия, Франция, Үндістан елдерінің де тауарлары қойылған. Ең бастысы — бағасы қымбат емес. Өйткені сапалы тауарды өндірушілердің өздері ұсынуда. Шымкенттегі «Әл Фараби» сауда кешенінің екінші қабатына жайғасқан жәрмеңкеден жаныңызға керектің бәрін табасыз. Бірінші қатарға жалғыз шымкенттіктер емес, қазақстандықтар сүйіп ішетін үнді шәйі жайғасқан. Исінің өзі жан сарайыңды жадырататын шәйдің жоғары сортын үнділіктердің өзі саудалап жатыр. Бұл қатардан тәбетіңді ашып, деніңе саулық сыйлайтын балды да кездестіруге болады. Қарт Алтай тауының байрайынан келген омарташылар…

Read More
Жаңалықтар 

Жақыныңызға көңіл бөліп жүрсіз бе?

«Көңіл гүлдей нәзік.» Облысымыздағы өзбек драма театры кезекті сахналық премьерасын осылай атауды жөн көріпті. Комедия жанрында сахналанған қойылым әрбір отбасында болатын күйкі тірлікті суреттейді. Қойылым отандасқандарына ширек ғасыр болған ерлі-зайыптылардың оқиғасынан басталады. Жұбайына кенеттен гүл әкелген отағасының әрекетіне таң-тамаша болған зайыбы үлкен қуанышқа бөленеді. Алайда, 25 жылдық жұбайлық өмірдегі тұңғыш тосын сыйдың сыйлаудағы төркіні бәйбішенің көңілін қатты бұзады. Тәжі Мұхаммед Исрайылов, қоюшы режиссер: «Қазіргі заманда ене мен келіннің, еркек пен әйел арасындағы отбасылық жағдайдың күрделеніп кеткені рас. Адамдардың бір-біріне көңіл бөлуі сиреген заман қазір. Сондықтан біз қойылымда осы көңіл мәселесін…

Read More
Жаңалықтар 

Наурыз айтысы басталды

Бүгін өңірімізде Наурыз айтысы басталды. Жыр бәсекесі биыл ақын әрі алып күш иесі Балуан Шолақтың — 150, Орынтай Таймановтың — 140 және бірқатар қоғам қайраткерлері мен қаламгерлердің құрметіне арналып отыр. Айтулы өнер аламаны биыл сахнада жас таланттардың тұсауын кесуімен де ерекшеленді. Жыр-сайыста көпшілік жаттанды өлеңге бой алдырып, ақтық сында тосылып қалған айтыскерлердің қадамына да куә болды. Ақындар айтысты, ә дегеннен-ақ, ұлы тұлғалардың еңбектерін елеуден бастады. Айтыс сахнасына алғаш болып көтерілудің өзі үлкен қобалжу мен шын талантты қажет етеді. Мұны сайыста Нұрлыбек Мейірман мен Анар Жаппарқұлова алғаш болып сезінді. Жуырда «Көмейден…

Read More
Жаңалықтар 

Қазақ және өзбек кәсіпкерлерінің қарым-қатынасы нығаяды

Шымкенттегі көрме залында Өзбекстан және Оңтүстік Қазақстан кәсіпкерлерінің қатысуымен бизнес-форум өтті. Мұндағы мақсат — Қазақстан мен Өзбекстан бизнесінің арасындағы іскерлік қарым- қатынасты нығайту және екі жақты ынтымақтастықты дамыту. Өзбекстанда тоқыма өндірісі, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және құрылыс материалдары мен шыны бұйымдарын шығару жақсы жолға қойылған. Дәл осы қажеттіліктерді Қазақ елінің күнгей жұрты да әжетке жаратуына болады деген пікірмен арнайы басқосу ұйымдастырылды. Абзал Дәрібаев, «Шымкент инновация» ЖШС өкілі: «Былтыр біз Ташкентте болғанбыз. Сол кезде өзбек ағайындар Шымкентте форум өткізу жайлы ұсыныс жасаған. Шағын және орта бизнесті дамытуда бірқатар жобаларды жүзеге асырмақпыз.» Бір…

Read More
Жаңалықтар 

Оңтүстікте төртем дүние есігін ашты

Сүйінші! Шымкентте төртем туылды. Үш қыз бен бір ұл баланы дүниеге әкелген — Сайрам ауданы, Ақсукент ауылының 27 жастағы тұрғыны. Төрт баланы бірден дүниеге әкелерде Рабиай Шерметоваға дәрігерлер Кесер тілігін жасауға мәжбүр болыпты. Дегенмен, төрт сәби дін аман. Жағдайлары жақсы. Еске салайық, Оңтүстікте мұндай қуанышты жағдай соңғы рет осыдан 10 жыл бұрын ғана орын алған еді. Фатима, Хасан, Зухра және Захра. Төртемді ата-анасы осылай деп атапты. Салмақтары 1200 бен 1500 грамның аралығындағы сәбилер әзірге әлсіз. Күтімнің екінші кезеңінде жатыр. Ал қуанышты ананың бұл екінші құрсағы екен. Рабиай Шерметова, төртемнің анасы:…

Read More
Жаңалықтар 

«Ерлік» мұражайына қосымша ғимарат салынады

«Ерлік толық насихатталмай келеді.» Қаламыздағы «Ерлік» мұражайында экспонаттар саны көбейгенімен, оны жұртшылық назарына ұсынатын орын жетпей жатыр. Ғимарат бөлмелерінің тарлығынан жинақталған жәдігерлер көпшілікке ұсынылмай келеді. «Ерлік» мұражайының ең үлкен залы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналған. Мұнда сол бір сұрапыл жылдарды еске түсіретін жәдігерлер жасақталыпты. Бөлменің ұзындығы — 11 метр, ал ені небәрі 4,5 метр ғана. Мұражайдың бұдан бөлек Ауған соғысы ардагерлеріне арналған және этнографиялық залы да бар. Бірақ бөлмелер бұдан анағұрлым тар. Сондықтан мұндағы 1300-ге тарта жәдігердің өзі толық көпшілікке ұсынылмай келеді. Назерке Дулатова, «Ерлік» мұражайының экскурсия таныстырушысы: «Бөлмелердің ені,…

Read More