Жаңалықтар 

Аналар құрметке бөленді

Еңбекші ауданы әкімдігінің мамандары әйелдер қауымына құрмет көрсетті. Қызметкерлер ұлағатты ұстаздар, іскер әйелдер мен көпбалалы аналарды және үздік мектеп оқушыларын арнайы шақырып, сый-сыяпат табыстады. Мереке иелері үшін ән айтылып, көңілдеріне қуаныш ұялады. Айтулы сый-құрметтен тұрғындардың тынышын сақтап отырған үй төрайымдары да шет қалған жоқ.   Ләззат Қожагелдиева, үй төрайымы: «Керемет кеш өтіп жатыр. Шынымды айтсам, мені әкімдік құттықтайды деп күткен жоқпын. Тек құттықтап қана қоймады, сыйлық тапсырды. Рахмет! Үй төрайымы ретінде алдағы күндері де жұртшылықпен жұмыс жасай беремін. Елімнің болашағы үшін осылай үлес қосамын. Тұрғындардың, коммуналдық болсын, басқа болсын, проблемаларын билікке…

Read More
Жаңалықтар 

«3-Энергоорталық» пен тұтынушы арасындағы сотқа нүкте қойылды

Коммуналдық қызмет ұсынатын компания мен тұтынушы арасындағы сот ісіне нүкте қойылды. Естеріңізде болса, «3-Энергоорталық» мекемесі Виктория Бұхарбаева есімді тұрғынға қатыс сотқа арызданған. Жылу берушілердің айтуынша, азаматша 2007 -2008 жылдар аралығындағы коммуналдық қызметтің ақысын, яғни 24 мың теңгеге жуық қаржыны төлемепті. Ал тұтынушы бұл қадамын мардымды жылу жүйесі болған жоқ, сондықтан, ақы төлеуден бас тартқанымен түсіндіреді. Ақпанның соңғы күндері сот тыңдалуы өтіп, осы екінші отырыста сот шешім шағырды.   «3-Энергоорталық» мекемесінің арызының бір бөлігі ғана қанағаттанарлық деп табылады. Азаматша Бұхарбаевадан 7276 теңге өндірілуі және қосымша 218 теңге  мемлекеттік төлемге аударылады деген…

Read More
Жаңалықтар 

Шымкентте жер дауы тыйылмай тұр

Бүгін облыс әкімдігінің алдына 100-ге жуық шымкенттіктер жиналды. Жиылғандардың айтары бар. Ол — 2009 жылы берілген жер учаскесіне мемлекеттік акті алу. Айта өтейік, жиналған жұртшылық «Солтүстік саяжай» деп аталатын шағынауданда тұрады. Жиналған жұрт өздеріне тиесілі жердің құжаты жоғына налиды. Айтуларынша, учаскелерді 2009 жылы өздері жұмыс істеген «Ақниет» өндірістік кооперативінің басшылығы үлестірген көрінеді. Алайда содан бері құжаттарын заңдастыра алмай әлі жүр. Қақпаған есіктері, бармаған жерлері қалмапты. Енді ең соңғы үміттерін арқалап, облыс әкіміне келіп отыр. Аманбай Ахаев, қала тұрғыны: «Үш жыл болды сандалып жүргенімізге. Пайымызды ала алмай жүрміз! Не мемлекеттік акті…

Read More
Жаңалықтар 

Саяжайға жаңа көпір салынатын болды

Арыс қаласы маңындағы Саяжай тұрғын үй массивінде қазір 50 шақты отбасы ғұмыр кешеді. Алайда, аталмыш елдімекенді шаһармен ұлайтын жалғыз жасанды су өткізуші 2012 жылдың ақпан айында су тасқынынан құлаған. Соның салдарынан саяжайдың балалары мектепке теміржол өткелі арқылы баруға мәжбүр. Себебі, Қабылсай жырасынан қыс пен ерте көктемде Арыс өзеніне су ағады. Сол кездері бұл жерлермен балалар жүре алмай қиналады екен. Ал саяжайға теміржол өткелінен өзге апаратын жол жоқ. Сәуле Юсупова, Саяжай тұрғын үй массивінің тұрғыны: «Мектеп оқушылары қыстың күні ана рельстің үстімен мектепке қатынады. Ол жерде жарақат алған ешкім жоқ, Құдайға шүкір….

Read More
Жаңалықтар 

Жиһаздар да жүзеді екен

Кеше іс-сапармен Сырдария бойындағы жағдайды түсіруге барғанбыз. Арыс өзенінің үстімен өтіп бара жатып, көзім қызық бір көріністі шалып қалды. Қараңызшы, суда үш диван қатарымен ағып барады. «Бұл не қылған жиһаз?» екен дейді қасымдағы телеоператор Нұрғали Қошаналиев.   Мен қалжыңға салып, «Күн жылынды ғой. Іскер азаматтар ақша табу үшін демалыстың жаңа түрін ойластырған болар. Мейрамханаларда қадірлі қонақтар келетін бөлмелерді қымбат жиһаздармен әспеттейді емес пе? Ол жерде отырсаң, әр сағатына әжептәуір ақша төлейсің. Мұнда да сондай бір ақылы жүйе ойластырылған шығар» деп қоямын. Сол сәтті құр жібермей, өзенді бойлап жүзген жиһаздарды суретке…

Read More