Оқыс оқиға 

Қаніпезер немере ата-әжесін өлтірді

Сайрамда жаға ұстатар жағдай орын алды. Жасы кәмелетке енді толған бозбала дүние-мүлік үшін өз атасы мен әжесін ұрып өлтірді. Тасбауыр немере өзін алты жасынан бері алақанында аялап өсірген қарттарды серігімен бірге соққының астына алған. Қанды оқиға тура 22-наурыз да орын алған. Күндіз сағат 10-дар шамасында Сайрам аудандық ішкі істер басқармасының кезекшісіне Қарасу ауылының тұрғыны хабарласады. Қоңырау шалған адам осындағы үйлердің бірінде егде жастағы ерлі-зайыптылардың мәйіті табылғаны жөнінде айтқан. Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының жетекшісі: «Сол оқиға орнына барған кезде  полиция қызметкерлері екі адамның денесін тапты. Кейін…

Read More
Жаңалықтар 

Кәсіпкерлерге тиесілі несие шарттары қолайлы

Мемлекеттік бағдарламада қаралған кәсіпкерлерге тиесілі несие шарттары қолынан іс келетін кәсіпкерлерге ғана қолайлы. Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев жергілікті іскер азаматтармен кездесуде осылай деді. Басқосуға қатысқан бизнесмендер несие беруде банк шарттарын жеңілдетуді ұсынды. Алайда олардың бұл ұсынысы лауазымды қонақтар тарапынан қолдау таппады. Министр облыстың кәсіпкерлік саласын дамытуға әлеуетті екенін атап өтті. Отандық тауар өндірісін дамытуға атсалысып отырған жергілікті азаматтармен жеке-жеке кездесіп, олардың нарыққа шығарып отырған өнімдерімен танысып шықты. Сондай-ақ «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасындағы жаңа бағыттар таныстырылды. Индустриалды аймақтарды дамытудың жоспары түзілді. Айта кетейік, биыл аймақтардың инфрақұрылымын дамыту үшін 15 миллиард…

Read More
Жаңалықтар 

Мүмкіндігі шектеулі жастар диплом алды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы есту қабілеті нашар жастар «Мирас» колледжінде білім алады. Бағдарламашы және тігінші мамандықтары бойынша осыдан үш жыл бұрын 60 студент қабылданған болатын. Мүмкіндігі шектеулі болса да өмірге құштар студенттердің алғашқы легі қолдарына диплом алып, жас маман атанды. Бұл студенттер бағдарламашы және тігінші мамандықтары бойынша білім алған. Үш жыл, алты ай бойы «Мирас» колледжінің қабырғасында маман болуға дайындалды. Құлақтары мүкіс болса да, өзгелер сияқты лекция тыңдап, емтихан тапсырды. Бүгін қолдарына диплом алып, жұмысбасты атанбақ. Қымбат Дәулетова, топ жетекшісі: «Бұл студенттер 2011 жылы біздің колледжге келді. Эксперимент ретінде төрт топ…

Read More
Жаңалықтар 

Облыс әкімі азаматтарды қабылдады

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов облыс тұрғындарын қабылдады. Өңір басшысының жеке қабылдауында болған сайрамдық азаматтар шаруа қожалықтарындағы үлестік жер телімі мен мүліктік, пайлық үлесті алуға көмек сұрап келді. Шымкент қаласының тұрғыны Бақытжан Әшірбаев көпқабатты тұрғын үй аулаларын көріктендіру жөніндегі жобалық ұсыныс әзірлегенін айтып, оны іске асыруға қолғабыс көрсетуді сұрады. Сондай-ақ, шымкенттік Ержан Қалдыбаев «Тұлпар» көлі маңында салынатын этносаябақтың құрылысын жүргізуге ресейлік инвесторлар қызығушылық танытып отырғанын мәлімдесе, Сарыағаш қаласының тұрғыны Райымбек Құдайбергенов өзі әзірлеген шағын және орта бизнесті ауылдар аясында дамыту жөніндегі жобасымен таныстырды. Облыс әкімі тұрғындардың талап-тілектерін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелердің…

Read More
Жаңалықтар 

27-наурыз — халықаралық театр күні

Наурыздың 27-ші жұлдызы — халықаралық театр күні. Осыған орай биыл 80 жылдығын атап өткелі отырған облыстық Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театрының ұжымына еліміздің өзге де өнер ошақтарынан құттықтаулар келіп түсті. Ізгі лебіздерге толы құттықтаулар қатарында ҚР парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың да жолдаған хаты бар. Айта кетейік, Ж.Шанин атындағы қазақ драма театырының хасбетін жөндеу жұмыстары өткен жылы қаза айында басталған. Кесте бойынша бұл жөндеу 3 айдан соң, яғни желтоқсанның 25-і күні аяқталуы тиіс болатын. Бірақ құрылыс жұмыстары біткен жоқ. Ал мәдениет ошағы басшысының айтуынша, театрды қайта қалпына келтіру жұмыстары биыл…

Read More
Жаңалықтар 

«Ұлан» зияткерлік марафоны мәресіне жетті

«Ұлан» интеллектуалды марафоны мәресіне жетті. Зияткерлік сайыстың жүлделі үшінші орнын № 8 гимназияның 4-сыныбының шәкірттері иеленді. Екінші-орын «Бәйтерек» мектебінің үздіктеріне бұйырды. Ал бірінші орынды №8 гимназияның оқушылары Никита Калмыков пен Ольга Цой және Түркістан қаласындағы №9 гимназияның шәкірті Бақдәулет Әмірбек жеңіп алды. Бақдәулет Әмірбек, 1-орын иегері: «Өте қуаныштымын. Себебі көптеген үздік шәкірттер қатысты. Алғашында жеңіске жетемін деп ойлаған жоқпын, бірінші орыннан көрінемін деп күткен де жоқпын. Бірақ, білімімнің арқасында ұстаздарымның үмітін ақтадым. Алдағы мақсатым — Шымкент қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің шәкірті атану.» «Ұлан» интеллектуалды марафоны осыдан 10 жыл бұрын бастау…

Read More