Оңтүстікте жылына 80 мыңға жуық бала дүниеге келеді. Оның 200-ден астамы кәмілет жасына толмай жүкті болғандардың үлесінде. Мамандардың айтуынша, жыл сайын облыста 14-16 жас аралығындағы 500-ге жуық қыз қауіпті түсік жастады екен. Ерте жүкті болатын жастардың жауапсыздығы мен сауатсыздығы орны толмас қайғыға әкеледі. Осы өзекті мәселенің айналасында «Оңтүстік Рабат» газеті ұйымдастырған дөңгелек үстелде дәрігерлер мен мектеп оқушылары ой өрбітті.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=bSxOkMTChtE[/youtube]
Шараға облыстық «Әжелер алқасы» қоғамдық ұйымының төрайымы Үрзада Айтөреева, ООБ «Арнайы білім беру және тәрбие жұмысын дамыту» бөлімінің жетекші маманы Марина Жаңабаева, психолог Зәурет Қабылбекова, Шымкент қалалық №1 емхананың акушер-гинекологы Ұлбала Өмірәлиева, Шымкент қалалық №2 перзентхананың акушер-гинекологы Гүлмира Түймебаева және Ыбырай Алтынсарин атындағы №65 гимназия директорының орынбасары Ләззат Әлсейітова қатысты.
Сондай-ақ, жиында студент жастар мен оқушыларда болды. Мұндағы мақсат — жасөспірімдердің арасындағы ерте жыныстық қатынастың алдын алып, жыныстық жолмен берілетін аурудың таралуын болдырмау. Мамандардың қатысуымен өткен бас қосудаға қатысқан бойжеткендер көкейлерінде жүрген сауалдарды жасқанбай қоя білді.
Ал мамандар жастардың сұрақтарына тұщымды жауап беруге тырысты. Осылайша, аудитория мен қонақтардың арасында тығыз қатынас орнап, бойжеткендер анасынан сұрауға қысылатын сұрақтарына жауап алды.
Шараға жиналған көпшілік қауым тек қызды айыптай бермей, келеңсіз жәйттердің алдын алу керек екенін атты. Осы ретте мамандар қыздардың басына жиі түсетін келеңсіз жағдайлардың шешілу жолдарын да ортаға жайып салды. Ал ұйымдастырушылар тарапы алдағы уақытта да осындай басқосуларға тек бойжеткендердің ғана емес, ер-азаматтарды да, ата-аналар мен әжелерді де жұмылдыруға ниетті екенін жасырмады. Алдағы уақытта «Қызым, саған айтам…» жобасының телевизиялық және газеттік нұсқасы көпшілік назарына ұсынылады.