Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментіне қарасты ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бұрынғы басшысы Сейітжан Сапарбеков сотты болды. Еңбекші аудандық соты экс-полицейді кінәлі деп тауып, 9 жылға бас бостандығынан айырды. Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бұрынғы басшысына қаруды заңсыз сақтаған, пара берген, лауазымын асыра пайдаланған деген айыптар тағылған.
Айыпталушы Сапарбеков пен оның қорғаушысы Талғат Есімов бұл үкіммен келіспейтінін айтып отыр. Білдей бір басқарманы басқарған Сапарбеков бұған дейін Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының басшысы қызметін атқарған. Ол ішкі істер саласы қызметкерлерінің имиджін көтеру мақсатында жиі рейд жұмыстарын жүргізіп отыратын. Оның кәмелетке толмаған 5 бала-шағасы бар екені сотта жеңілдететін жайт ретінде қаралды.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Fdf3mDuZ9Q0[/youtube]