Коммуналдық қызмет ұсынатын компания мен тұтынушы арасындағы сот ісіне нүкте қойылды. Естеріңізде болса, «3-Энергоорталық» мекемесі Виктория Бұхарбаева есімді тұрғынға қатыс сотқа арызданған. Жылу берушілердің айтуынша, азаматша 2007 -2008 жылдар аралығындағы коммуналдық қызметтің ақысын, яғни 24 мың теңгеге жуық қаржыны төлемепті. Ал тұтынушы бұл қадамын мардымды жылу жүйесі болған жоқ, сондықтан, ақы төлеуден бас тартқанымен түсіндіреді. Ақпанның соңғы күндері сот тыңдалуы өтіп, осы екінші отырыста сот шешім шағырды.
«3-Энергоорталық» мекемесінің арызының бір бөлігі ғана қанағаттанарлық деп табылады. Азаматша Бұхарбаевадан 7276 теңге өндірілуі және қосымша 218 теңге мемлекеттік төлемге аударылады деген шешім шықты. Сот арыздың өзге бөлігін қанағаттандырусыз қалдырды» дейді Әл-Фараби аудандық сотының судьсы Нұрмағанбетова.