Гүлхая ел қатарлы оқып, диплом қорғады

496
Гүлхая Жуашбаева

Гүлхая Жуашбаева — туа бітті зағип. Бірақ, көзі көрмегенімен, көкірегі ояу бойжеткен. Әнші, жаны өнерге жақын.

Гүлхая Жуашбаева
Гүлхая Жуашбаева

Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ-ді биыл бітіретін түлек дипломдық жобасын көпшілік назарына ұсынды. Оны «Тағдыр тауқыметі» деп атап, кембағал жандардың да өнерден құр алақан емес екендігін паш етті.

Гүлхая Жуашбаева: «Өзім сияқты он екі мүшесі сау емес жандардың да өнерлі екенін көрсеткім келді. Мұқият дайындалдым. Жан-жақты іздендік. Енді көрермендерге ұнаса болғаны.»

"Тағдыр тауқыметі" концерті
«Тағдыр тауқыметі» концерті

Бұл күні тағдыр тауқыметін тартқан жандар сахна төрінен орын алды. Олар он екі мүшелері сау адамдардың көздеріне жас ұялата ән айтты, би биледі. Қоларбаға таңылса да сау адамдай қимылдап, өнерлерін көрсетті. Көпшіліктің ыстық ықыласына ие болды. Мұның барлығы — Гүлхаяның идеясы.

«Гүлхая дипломдық жұмысын жоғары деңгейде қорғады, ізденді, талпынды» дейді ұстаздары. Тағдырдың қиын сынына төтеп беріп, бойындағы таланты мен үмітін үкілеген ару, Алла жазса, жоғары оқу орнын ойдағыдай тәмәмдайды. Ертеңі жарқын, ұстаздарының үмітін ақтауы тиіс.

Гүлхая Жуашбаева: «Ендігі арманым — ұстаздардың аманатын ақтау. Өнерден қол үзіп қалмай, биік шыңдарды бағындыру.»