Шымкенттегі көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада «Көктем ауры» байқауы өтті. 20 мен 30 жас аралығындағы оқырман арулар іріктелген сайыста үміткерлер алдымен білім бәсекесінде бақ сынасып алды. Төл тарихымыздан қойылған сауалдардарға жауап іздеп, мақал-мәтел айтып жарысты. Бұдан соң өнерпаздар мың бұрала билеп, ән мен жырдан шашу шашты. Қазылар алқасы он саусағынан бал тамған аспаз қыздар пісірген тағамдардан дәм ауыз тиіп, арулардың аспаздық өнеріне баға берді.